Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
« Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзіреттілігін арттыру».
21-09-2011 06:23

« Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзіреттілігін арттыру».

2011 жылдың 6 қыркүйегінде Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасында Палодар облысы педагог мамандарының біліктілігін арттыру институтының курс тыңдаушыларына арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзіреттілігін арттыру» атты тақырыбы бойынша семинар өтті.Семинарға аудандар мен қалалардың тәрбиешілері және педагогтары қатысты.

 

Алдымен келген қонақтарды балабақша директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова бақшамен таныстырып , мәліметтер берді.

Семинарда ересек «А» тобының тәрбиешісі Жангүл Жаңбырбайқызы Жұманова тіл дамыту сабағынан «Алтын күз» атты тақырыбы бойынша бірінші болып ашық сабағын көрсетті. Сабақ музыка залында өтті.Тәрбиешінің алдына қойған мақсаты: тірек –сызба арқылы тақпақ жаттату.Сабақ өте қызықты ,тартымды ұйымдастырылған.Балалар сабаққа белсенді қатысты.Тәрбиеші сабақта тірек-сызбаны ғана емес,сонымен бірге көптеген атрибуттарды да қолданды.Балалар үнемі қозғалыс үстінде болды.

 

Келесі сабақ Өзін өзі тану пәні бойынша даярлық «Б» тобының тәрбиешісі Торғын Құдайбергенқызы Хамитованың «Жақсылық ұмытылмайды» атты тақырыбымен өтті.Бұл сабақта өзін өзі тану пәнінің бірнеше элементтері қолданылды.Атап айтсақ,шаттық шеңбері,өзіммен өзім, дәйексөз, әңгімелесу, жүректен- жүрекке.Сонымен бірге бұл сабақтың басқа пәндермен де байланысы бар екені байқалды.

Мысалы: музыка сабағы, тіл дамыту, сурет сабағы,айналамен танысу және экология.

Ертегіні тыңдау,мазмұндау барысында балалар жаңа сөздермен танысты.

 

        Ерте, ерте, ертеде демекші,келесі сабақты даярлық «Ә» тобының тәрбиешісі Сара Жұмкенқызы Омарова «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін балалармен сахналау арқылы өткізді.

Сабақ әдістеме бойынша өте қызықты, яғни балалардың көңілінен шығатындай етіп ұйымдастырылған.

Тәрбиеші сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.Балалар сабаққа өте белсене қатысты.

       «Дені саудың –жаны сау» атты сабағымен дене шынықтыру нұсқаушысы Роза Қазисқызы Есмұханова да өз сабағымен бөлісті.Әдістемелік жағынан өте дұрыс құрылған және сабақта дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологиялары қолданылды.Педагог сабақтың қарқыны мен тығыздығына қатты назар аударды.Сабақ өте көңілді, қызықты өтті.

Семинар соңында балабақша әдіскері Кұнсұлу Сатыбалдықызы Сушина «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзіреттілігін арттыру» атты баяндамасын оқыды.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізгі мақсаттармен таныстырды. Баланың тілін дамыту  үшін  бірнеше әдіс- тәсілдер туралы айтты. Тілді үйретудегі құралдар  қарастырылды.  

 

«Тіл және сөйлемнің ең маңызды компоненттері» атты баяндамасымен          тәрбиеші Жұмазия Қапарқызы Жүнісова да бөлісті.Соңынан курс тыңдаушыларына тілді дамытуға арналған ойындарын ұсынды.

Мысалы: «Гүл өсіруші мен гүлдер», «Көпір», «Қадамдар», «Мен циркте болдым...», «Назар аударыңыздар,іздестіру!»

     Семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар бала тілін дамытуға байланысты көптеген мағлұматтар алды деп ойлаймыз.Сонымен бірге семинарға қатысқан тәрбиешілер өз алғыстарын айтып,жылы лебіздерін білдірді.