Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Ата-аналарға арналған ашық есік күндері өтті...
23-11-2011 04:54

                 Ата-аналарға арналған ашық есік күндері өтті...

  №10 сәбилер бақшасында Ересек «А» тобында ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті.Тәрбиешілері Жұманова Жангүл Жаңбырбайқызы сауат ашу сабағын көрсетсе, екінші сабақ яғни қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын Қалиева Айман Сабыржанқызы өткізді.  Өткізілген екі сабақта ата-аналардың ойларынан шықты.Сауат ашу сабағына тоқталатын болсақ  сабақ «Сиқырлы күзгі ағаш»тақырыбында өтті,ағаштың соңғы түсіп қалған жапырақтарының тапсырмаларын орындау барысында өтті.Олар: Қызықты әріптер, Дыбыс және оның түрлері,Буындарды оқу және буынға байланысты жаңылтпаш құрастыру,Сергіту сәті /Қара жорға биі/,Сөз және сөзді буынға бөлу,дыбыстарға байланысты мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру және соңғы тапсырма балаларды үш топқа бөліп қарындашпен салынған әріптерді дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөліп оларды көк немесе қызыл қарындаштармен бояу тапсырмасы балаларға ұсынылды. Балалар ұйымдасып үлкен қызығушылықпен тапсырмаларды орындады.Сабақта балалар белсенді қатысты олар: Қажмұханова Аяна, Ахметбекова Дильназ, Абай Надир, Ануар Әлім,Абдрахманова Айсара,Нұрлан Сұлтан.

  Қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру сабағы викторина түрінде өтті. Балалар екі топқа бөлініп яғни «Алғырлар» және «Тапқырлар»болып екі команда болды Сабақ барысы осындай қатарда өтті: Команда өздерін таныстырсын,Сұрақ- жауап,сан және оның құрамы,Сергіту сәті,Д/о Затттарды топтастыру және сабақ соныңда командалар мақтау қағазымен марапатталды.

   Сабақ аяқталған соң ата-аналар төрайымы сөйлеп тәрбиешәлерге өздерінің ризалығын білдіріп рахметтерін айтты.