Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Қарым-қатынынас жасай білу-үлкен өнер.
19-01-2012 12:26

Ералиева Г.Ж.-

педагог-психолог

 Тақырыбы: Қарым-қатынынас жасай білу-үлкен өнер.

     Мақсаты: Жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеп, қатысушылардың айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі тәрбиелеуге қалыптастыру. Тренинг барысында психология саласынан мәлімет беру.

     Қажетті құралдар: суреттер, магнитафон, нақыл сөздер, ақ парақ, гүлдер, карандаш.

     Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру.

     Тренинг барысы:

     Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады)

     Сәлеметсіздер ме педагог-тәрбиешілер!

     Әрбір адам өмірге келген қонақ, өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін  «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?!

    Олай болса бүгінгі тренингіміз осы «Қарым-қатынас жасай білу-үлкен өнер» екенін кеңінен білуге мүмкіндік береді.

    Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй - адамның адамның ішкі дүниесінің құрбысы, көңіл-күй  - адамның айнасы.

   Ал, канекей құрметті педагогтар, барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат егіз ұқсас ұғымдар. Әрқайсысымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді кейде бұлттанады, кейде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді т.б. табиғат құбылыстармен байланыстыра отырып, қағаз бетіне түсірейік.

    Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатнас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық. Мына қолымыздағы гүлдерді есіміміздің бас әрпін сын есіммен тіркестіріп, көршіміздің жүзіне күлімсіреген жүзде тілек айтамыз. Мысалы, гүлденген Гүлдәуреннен Баян  Қанатқызына бақытты болу сәттерін тілеймін. Осылай шеңбер бойымен жалғасып, гүл шоғы айналып өзіме келеді. Жанымыздағы адамдарға қаншалықты қарым-қатынас барысында жылы сөздермен, ақылмен, жақсылықпен түсіндіре білсек, соншалықты қайтарылып, келетінін түсіндіреміз,

   Кейде отбасында,жүрген ортамызда, көпшілік орындарда түсініспеушілік,кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе-бет кездесіп қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар ма, сол тұрғыда жұмысымызды жалғастырайық. Ортаға 3 топ, әр топта 3адамнан болуы керек. Берілген тапсырма бойынша тапсырманы 2-3 минут ішінде топ мүшелері рөлдік ойынмен көрсетулері керек.

    Ситуация:

Достар арасындағы кикілжің, оның шешілу жолын көрсетіңіз.

Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың тиімді жолдарын көрсетіңіз.

Мұғалім мен бала арасындағы келіспеушілік.

    Тренингте отырған қонақтарға ортақ сұрақтар қою:

Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?

Кикілжіңнің шығу себебі неде?

Кай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыз?

Өзіңіз қалай шешер едіңіз?

    Педагогтардың психологиялық білімін тексеру (кеспе қағаз тарату).

   1Сұрақ: «Айдана (2жас 5 ай) Олжастың құмнан соғылған қалашығын бұзғаны үшін ұрды».

   Тәрбиеші балалардың ашулы мінез-құлқының себебін тек олардың теріс іс-әрекеттерінен немесе отбасылық тәрбиенің кемшіліктерінен байқау мүмкін бе? Екі баланың ашулы мінез-құлқының себептерін атаңыз?

  2Сұрақ: «Даниял (5 жас) тәрбиешінің түсіндіруін мұхият тыңдап отырды. Оны отырысынан байқауға болады: ол тәрбиешіден көз алмай отырды. Алайда, одан сұрағанда, ол дұрыс жауап бере алмады».

   Баланың ішкі психикалық процестерін сыртқы келбетінен барлық жағдайды білуге бола ма?

   3Сұрақ:Тәрбиеші Ленаға (5 жас 1 ай) мынадай сұрақтар қойды: қуыршақпен ойнай аласың ба? Қуыршақтарды жақсы көресің бе?Ойын кезінде қайырымды боласың ба?

   Осы сұрақтардан алынған жауаптардың негізінде баланың шын мәнінде қандай екендігін білуге бола ма?

  4 Сұрақ:Топтағы балалардың барлығы қызу ойнап жатқан кезде тәрбиеші өзіне Диасты (4 жас 5ай) шақырып алып, жоспарлап отырған сұрақтарын қоя бастады.

    Диас жауап береді ме? Жауап берген жағдайда, оның жауаптары шынайы бола ма?

  5 Сұрақ:Тәрбиеші бала-бақшада балаларға «Менің жанұям» тақырыбына сурет салуды тапсырды.

   Ерасыл (6жас) мынадай сурет салды: парақтың ортасында-үлкен телевизор, жанында орындық, онда денелі, қолында темекісі бар әкесі отыр, парақтың шет жағында бала кішкене ғана адамды бейнелеген-ол кіші інісі Қуаныш. Үстінгі бүрышта-кішкене, ашық бояумен боялған, қолында табасы бар анасының бейнесі.

    Тәрбиеші Ерасылдан сұрады: «Сен неге өзіңді салмадың?»-Мен сыймай қалдым»,-деп жауап берді Ерасыл.

   Баланың салған суретіне қарап оның психикалық көңіл-күйін білуге бола ма? Ерасылдың салған суретінен оның отбасындағы микрожағдайды білуге бола ма?

  Адамдармен қарым-қатынаста бет-әлпет, қас-қабақ, жүріс-тұрыс маңызды қызмет атқарады. Адамдардың кейіптері көрсетілген суреттер көрсетіледі.

   «Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер» деген даналық осы қағидаға негізделеді. Қонақжай, кеңпейіл халқымыз әркез осы қағиданы ұстанған.

   Ортаға 7-адам шығып, берілген сұрақтарға сай әртүрлі көңіл-күйді белгілейді.

    Ситуация:

Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні

Ренжіп тұрған адамның бет-әлпет кескіні

Қайғылы адамның бет-әлпеті

Таңданған кейіп көрсету.

Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті

Ашуланып тұрған адамның бет-әлпеті

Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті

   Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден-бір жолы.

    Қорытынды:

   Сабаққа қатысушылар трененинг барысында өздерінің алған әсерлері туралы айтады.

   Сонымен, тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегі тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген сөзімен аяқтай отырып, тренингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамыз.