Жаңа 2012-ші жылына арналған спорттық сайыс өтті.
Павлодар қаласының №10 сәбилер бақшасында, «Ересек» және «Даярлық» топтар арасында қысқы демалысқа арналған «Қысқы Азияда» атты спорттық сайыс өткізілді. Бұл сайыста балалармен қысқы ойындар туралы әңгімелесіп, оларды ұйымшылдыққа баулу, өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатқа жету жолдары үйретіліп, тәрбиеленді.
Сайысты дене шынықтыру нұсқаушысы Құрманғазинов С. А. өткізді.
Сайыс бастамас бұрын топ басшысы сайланып, алға қойған ұрандарын кідірмей айтып шықты. Әр топта өз эмблемалары, атрибудтары болды, ұйымдастыру кезеңі де жақсы болды.Ұйымдастыру кезеңі 6 – кезеңнен тұрды:
1.«Судан өту»
2.«Ядро барона Мюнхаузена»
3.«Мерген»
4.«Кедергілер сызыгы»
5.«Уимблдон»
6.«Қапшықпен секіру»
Балалар өте белсенді қатысып, алғашқы орындардан көрінуге ұмтылды. Әділ-қазылар алқасы жеңімпазды анықтап, үш топтың бағасын беріп, барлық топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.