Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Бізбен бірге ағылшын тілінде....
20-01-2012 12:44

Бізбен бірге ағылшын тілінде....

       Қазіргі  кезде заман талабына сай көптеген адамдар болашақ бағдарламасы бойынша шет тілін меңгеруде.Әрине бірінші кезектегі мақсат - тілдік құзіреттілікті байыту.                   Бала бақша өміріне келетін болсақ, басты мақсатымыз білім саласында ана тілі мен ағылшын тілін меңгеру болып табылады.Жиырма бірінші ғасыр балалары шет тілдерін еркін қабылдайды, меңгеруге жағдайлар жасалған.

  Біздің балабақшада ағылшын тілі сабағы өте қызықты да әр-түрлі әдіс - тәсілдермен жүргізіледі. Балалар өз оқып үйренгендерін айтып мақтанады. Тіл дамыту сабағында балалар шығармашылық тілді дамытатын болса, ағылшын сабағында байланыстыра сөйлеуді үйренеді. Шет тілін үйренуге қызығушылықтарын білдіреді. Ағылшын тілінде өлеңді әндетіп, мәнерлеп, дауыс ырғағына келтіріп айтады.

      Жаңа технология нәтижесінде сабақта балалар ағылшын тілінде компьютер тілін түсінуде. Балабақшада ағылшын тілін үйрену жаңалық емес.Бірақ педагогтың  балаларға дұрыс көзқараспен қарап сауатты дамыту, қызығушылықтарын арттыру басты міндеттердің бірі болып саналады.

    Ағылшын тілі сабағы тек ғана тілді үйретумен шектелмейді. Сонымен қатар ағылшын тілін басқа сабақтармен байланыстыра отырып оқытылады. Ағылшын тілі:

-геометриялық пішіндер;

- Көлемдерді анықтау және салыстыру;

- Дьенеш блогында тапсырмаларды кесте арқылы оқыту;

- Топтасу әрекетін терең қолдану

- Символдармен түсі, көлемі және пішінін белгілеу сияқты іс - әрекеттерді қолданады.

    Осындай әдіс – тәсілдермен өткізу балаларға қызықты және олар  сабақты асыға тосады. Біздің балабақшамыздың алдағы мақсаттарының бірі осы тәсілдермен ғана тоқталмай, одан әрі іздену.