Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Ата-аналарға арналған ашық есік күндері өтті...
24-01-2012 07:31

Ашық есік күндері өтті...

     Біздің № 10 сәбилер бақшасында «Екіші сәбилер» тобында ашық есік күні өтті.Тәрбиешісі Нурмугамбетова Салтанат Сағындыққызы бірінші санатты тәрбиеші келген ата-аналарға балалардың алып жатқан білімдерін сапалы түрде көрсете білді.Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті өзін-өзі тани білу элементтерінен басталды. Ол осындай бөлімнен тұрады:

     -Ұйымдастыру барысы /Ғажайып баулар арқылы жүрек жылулықтарын  беру./

     - Д/О  «Бағдаршам»

     -Мақал-мәтел жаттау

     -Сергіту сәті

     - Д/О  «Айгөлек»

     - Сұрақ-жауап.

Тек қана сабаққа ата-аналар ғана емес, жас мамандарда қатысып үлгі өнеге алды. Балалар кішкентай болса да ешкімнен жатырқамай, күнделікті істермен айналысты. Осы ұйымдастыру оқу іс - әрекетімен шектелмей, екінші сабақты кіріктірілген сабақ етіп өткізді. Яғни, құрастыру мен Айналаны қоршаған ортаны біріктіре отырып, үйлесімді сабақты беріп шықты.

-         Д/О «Пішіндер арқылы аңдардың бейнесін құрастыру»

-         Орманға қызықты жолмен барамыз

-         Буратинаның кілті

Ал, айналамен қоршаған орта ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде:

-         Тірек суреттер арқылы сипаттау/саусақ жаттығуларын қолдану/

-         Д/О «Төлін тап»

-          Психологиялық жаттығу «Қар»

-         Д/О  Нені көрдік?

-         Ормандағы ғажайып сәттерді еске түсірейік!

Осындай ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін көрген ата - аналар үлкен қуанышпен, тәрбиешіге деген алғыстарын білдіріп риза болды.