Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Қыс қызығын бейнелейік...
24-01-2012 07:41

Қыс қызығын бейнелейік...

 

 Көптен күткен Жаңа жыл меркесі де көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Бірақ сол бір қызықты да қуанышты сәттер әлі күнге дейін балалар жүрегінде. Әдемі көйлектер мен костюмдері, тақпақ-әндері, билері мен ойындары естерінен кетпеген.

Мерекеден кейінгі осы толғаныстырын қағаз бетіне түсіру – «Қыс қызығы» сурет-көрмесінің мақсаттарының бірі болды. Балалар осы ғажайып мерекенің, қыс мезгілінің қызықтарын, даладағы ойындардың ерекшеліктерін суреттерінде көрсеткен.

Балалардың жұмыстарында «Қыс қызығы» тақырыбы толығымен ашылған деп айтуға болады. Жаңа жылдық кеш – Аяз ата, Ақшақар, кейіпкерлер, сыйлықтар, балалардың көңіл көтеріп жатқан кездері бәрі осы суреттерден табылған. Кейбіреулері қыс қызығын даладағы ойындармен бейнелеген. Қар атысу, шанамен сырғанау, шаңғы, коньки тебу, Аққаланы мүсіндеу, қуыспақ, тығылыспақ ...

Суреттердегі адамдардың бейнелері қандай!? Әрбіреуінің жүзі қуанышқа толы, күмістей сыңғырлаған күлкілері естілген..

    Осындай баланың қуанышына қарап ата да, ана да, біз де қуаныштымыз!