Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Бізбен бірге логика сабағында...
24-01-2012 07:44

  Баланы болашақ өмірге , белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда –балаға құрметпен қарау қажет.

  Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің математикалық диктант жазудың , заттарды әр-түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың , ауызша есеп шығарудың ,көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Біздің балабақшаның тәрбиешілері логикалық ойлау қабілеттерін жоғарлатуда.

  Сезім дәлелді болу үшін баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған бірнеше мысал келтіре кетсек:

1.     «Ойнап жүріп ойласақ»

2.     «Жұмбақ есептер»

3.     «Нүктелі қосу арқылы сандардың таңбасн таңыту.Заттардың бейнесін жасау»

4.     «Таңграм ойындары»

5.     «Математикалық диктант»

6.     «Таяқшаларды қозғау арқылы әр түрлі заттардың бейнесін жасау »

  Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек.Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтежелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағыөмірден алған білімдерін,әсерлерін, жинақтаған тәжірбилерін өз бетінше іс жүзіне асырады .Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды.Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады,дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет.Өйткені, бұл компьютер ғасыры.