Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Біздің балабақшада қызықты семинар өтті.......
15-05-2012 12:42

Біздің балабақшада қызықты семинар өтті.......

     № 10 сәбилер бақшасында 15.05.2012 жылы «Ақпараттық технологиялар арқылы  оқу тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың құрылымы: бірінші кезең балабақшаның визиттік картасы «Келіңіз, танысайық!» слайд-шоу.  Екінші кезең: педагогикалық ашық көрсетілім.

Үшінші кезең:теория түрінде тәжірибемен бөлісу.

Төртінші кезең: рефлексия.

 Жалпы осы семинарда жас мамандар жақсы әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды, ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің реттілігімен танысып мол тәжірибе алды. Тіл дамыту сабағында «И.Н. Мурашковска әдіс-тәсілдері», Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағында «Дьенеш блогының әдіс-тәсілдері» қолданылды. Оқу тәрбие үрдісінде өзін-өзі тану сабағында айналаны және өзін-өзі тану элементтерін пайдалана отырып іс- жүзіне асырды.

   Педагогтардың қазіргі заман білім беру үлгісінің жаңа тұжырымдамалық негіздері мен мазмұндық үлгісі, оқытуда ұйымдастырудың жаңа тәсілдері, заман талабына сай еңгізілді.

  Ұйымдастыру оқі іс-әрекетінің барысында балалар сабаққа белсенді қатысып өз білімдерін көрсете білді.

 

 

            Жас мамандарға жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!!!