Ауқымды да, қызықты облыстық семинар өтті....
2012 жылдың 28 қарашасы күні Павлодар қаласының «№10 сәбилер бақшасында» Павлодар облысы педагог мамандарының біліктілігін арттыру институтының курс тыңдаушыларына арналған « Денсаулық сақтаудың жаңа технологиясын оқу үрдісінде пайдалану» атты тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарға көптеген аудандар мен қалалардан дене тәрбиешісі нұсқаушылары, суда жүзу нұсқаушылары қатысты.
Ең алдымен балабақша директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова сәбилер бақшасының жағдайымен таныстырып , мәліметтер берді.
Екі бағытты жұмыс атқарылды. Біріншісі – ашық көрсетулер, екіншісі-тәжірибемен бөлісу, яғни баяндамалар.
Бірінші сабақты дене шынықтыру мұғалімі Серік Ағыбайұлы Құрманғазинов бастады. Тақарыбы: «Жарқын түсті көңілді резинкалар». Берілген жаттығулары бағдарламаның талаптарына сай. Серік Ағыбайұлының дауыс ырғағы балалаларға нақты және түсінікті болды.
Екінші сабақты бірінші санаттағы дене шынықтыру нұсқаушысы Роза Қазизқызы Есмұханова «Доп, хоп және мен » тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Хоптарды қолдану арқылы дәрстүрден тыс сабағымен таныстырып, қызықтырып көрсетті. Балалар сабақтын жоғары тығыздығы мен қарқыны арқылы сергектік күш – қуат алды. Әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған және сабақта дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологияларды қолданды.
Даярлық «Б» тобының тәрбиешісі Асемгүл Болатқызы Мадиева көңілді «Сергіту сәттерін» балалармен көрсетті. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырды.
Екінші бағыты бойынша:
Әдіскер: Гүлнұр Сағидолақызы Нұрахметова – презентация слайд арқылы «Денсаулық сақтау кеңістігі» туралы баяндама оқыды. Және де «Цигун», «Жарқын түсті көңілді резинкалар», «Доп, хоп және мен», «Балабақшада суда жүзу техникасын сабақта қолдану» атты баяндамалар оқылды. Осы технологияларды курс тыңдаушыларымен іс – жүзінде өткізілді. Курс тыңдаушыларымен «Өзіңе қандай білім алдың?» атты рефлексия жүргізді. Сабақты талдау барысында, семинарға қатысқан педагогтар көп мағлұмат алып, тәжірибелерін толықтырды деп ойлаймыз. Осы сабақтардың кейбір элементтерін сабақтарында қолданады деп ойлаймыз. Сабақтар қойылған мақсаттарына толықтай жетіп, бәрінің көңілдерінен шықты. Сабақты тыңдаушылар жоғары сапалы деп бағаланды. Семинарға қатысқан дене шынықтыру нұсқаушылары рахмет айтып , жылы лебіздерін білдірді.