Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Суда жүзе білейік....
22-01-2013 10:50
Суда жүзе білейік....

Суда жүзе білейік....

 

18 қаңтар 2013 жылы №10 сәбилер бақшасында өте ауқымды семинар болып өтті. Спорт түрінің негізгісінің  бірі – суда жүзу сабағы болып табылады. Суда жүзу сабағында естияр тобының тәрбиеленушілері қатысты. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсатының бірі – ол суда жүзу сабағы арқылы балалардың жүзу қарқыны жоғарлап,  олардың денсаулықтарын нығайтсақ дейміз.   Әрбір балаға жеке –дара көмек беріліп отырады. Суда жүзу ашық сабағында неше түрлі комплексті жаттығулар болды. Хауыз сыртындағы жаттығулар және хауыз ішіндегі.  Жаттығулар балалардың жас ерекшеліктеріне сай болды. Суда жүзу сабағының негізгі  міндеттерінің бірі. Ол:

-балаларды судан қорықпауын жою, балалардың еркін жүзуі, суда ойындарға қатысуы, су бетінде жатып жаттығулар орындаулары;

 -су ішінде қысқа мерзімде тұрулары;

- су ішінде демдерін шығарып, дем алулары;

Оқу жылының аяғында тәрбиеленушілеріміз жүзуге үйреніп шығады.

Суда жүзу сабағы –өте жақсы дамыған спорт түрі деп айтсақ қателеспейміз. Жалпы алғанда балалардың ағазасына өте пайдасы зор. «Дені –саудың, жаны-сау» - деп тегін айтпаған атам қазақ. Денсаулықтарымызды нығайтып, берік ұстайык.

 

 

 

 

«№10 сәбилер бақшасы»