
«Рауан» фестивалінің өнерпаздарын құттықтаймыз!
Қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша 2010 жылғы 27 сәуірде жас дарындардың «Рауан» балалар шығармашылығының қалалық фестивалі өтті. Фестиваль 2 кезеңнен тұрды. Балалар шығармашылығының 1 кезеңі кесте бойынша 6 - 8 сәуір аралығында мектепке дейінгі мекемелерде өткізілді. Фестивальға біздің бақшамыздың ең өнерлі 12 тәрбиеленушісі қатысты. Оспанов Әлімжан, Ахметова Дана, Сыздықбаева Дильназ И.Нүсіпбаевтың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін орындады. 8 бала әннің ырғағымен әсем де, әсерлі де, тартымды би биледі. Костюмдері өте әдемі, сәнді, қонымды болды. Ал даярлық тобының тәрбиеленушісі Суханкулова Камила ән-күй жетекшісі Амангелді Айгүл Амангелдіқызының Ұлы Отан соғысның ардагері, Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа арнап жазған тақпағын оқып берді. Біздің балаларымыздың көрсеткен өнерлері қазылар алқасының көңілінен шығып 2-нші кезеңге де өтті. Бірінші және екінші кезеңге де жақсы белсене қатысып, балдырғандарымыз 2010 жылдың 27 сәуірінде балалар шығармашылығының қорытындылау фестиваліне, Естай атындағы Мәдениет сарайында өткізілген гала концертке қатысты.
Біздің балалар өз өнерлерін бүкіл жиналған қауымға паш етіп, жиналған қонақтардың көңілінен шығып, ду қол шапалаққа ие болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша біздің балабақшамызға ДИПЛОМ, ән-күй жетекшісіне ГРАМОТА және сыйлықтар берілді. Кішкентай артист балаларға грамота және тәтті сыйлықтар тарту етілді.
№10 сәбилер бақшасының ұжымы балалар шығармашылығының қалалық «Рауан» фестивалін ұйымдастырушыларына және ән-күй жетекшісі Амангелді Айгүл Амангелдіқызына үлкен алғыс айтады.