
Суда жүзу сабағы – денсаулықтың кепілі
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол-ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
деп – М.Хакімжанова жырлағандай судың жан жануарларға, табиғатқа барлық тіршілік иесіне қажеті мол деп айтсақ шатаспаймыз. Судың табиғатта және адам өмірінде алатын орнын қаншама ақындар өз жырларына арқау етіп, судың тазалығын сақтауға, оны ластамауға уағыздаған санасында сезімі бар, ары таза, жүрегі жұмсақ адамдар бірден-ақ түсенер деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта заманауи өмірімізде денешынықтыру мен спортқа көп көңіл бөлініп отыр. Неліктен, өйткені келешек ұрпақтарымыздың денсаулықтары мықты болсын деп. Біздің балабақшамызда да денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, балаларымыздың денелерін шынықтырудамыз. Шынықтыру салдарынан Ересек, Даярлық топтарының балабақшаға қатысу пайызы жоғыры деп айтуға болады. Көктемгі демалыс кезіне ұйымдастырылған шаралар өтуде. Солардың бірі – Хауызымызда Естияр топтарынан бастап «Біз суда жүзе білеміз» атты сайыс өтті. Суға кірмес бұрын балаларымызбен сайыстың жаттығулары және ережелері туралы айтылып түсіндірілді. Барлық жаттығулар балаларға түсінікті болды өздерінің сабақта қолданып жүрген жаттығулары. Жанкүйерлерге қызықсыз болмас үшін олармен де әртүрлі жаттығулар жасалынды. Мысалы: «Теңіз тасбақалары», «Сабын көпіршіктері», «Құлып», «Теңіз жұлдызшасы» т.б Сайыста өте қызықты жаттығулар болды. Олар мынадай: «Кім ең терең жүзеді», «Кроль», «Сырғанау», «Арқа мен жүзу», «Су астынан ойыншық ізде», «Капитандар сайысы» болды.Сайыста барлық топтар жақсы қатысты, бірақ ең жоғары деңгейде қатысқан және жеңімпаздарымыз олар: Естияр «Ә» тобы, Ересек «А», «В» топтары, Даярлық «А» тобы жеңіп алға шықты. Жарайсындар! Барлық қатысушыларымыз мадақтау грамотасымен марапатталды. Барлық жанкүйерлерге, әділ-қазыларға – үлкен рахметімізді білдіреміз!!!