Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Дені саудың –жаны сау
29-03-2013 05:58
Дені саудың –жаны сау

Дені саудың –жаны сау

 

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, салт-санасы тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдаструшылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған ұлттық ойындардың тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата-ананың да, балабақшалардың да басты борышы болып саналады.

Павлодар қаласының 10 сәбилер бақшасында, 26-наурыз күні Даярлық топтар арасында көктем демалысында, «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық сайыс өткізілді. Бұл сайыста балалармен ұлттық ойындар туралы әңгімелесіп, балаларды қазақтың дәстүрлі ойын элементтерімен таныстырып, жерін, елін қорғайтын, отан сүйгіш азамат етіп шығару болды.

            Сайысты дене шынықтыру нұсқаушысы Құрманғазинов С.А. өткізді.

            Ойындар жарыс түрінде өтті. Сайыс бастамас бұрын топ басшысы сайланып, алға қойылған ұрандарын кідірмей айтып шықты.

«Тымақ ұру».

«Тауық күрес».

«Арқан тартыс»

«Қыз қуу».

«Бәйге» атты ұлттық ойындар ойнатылды.

Әр топтағы балалар тапсырмаларды мұқият тындап, дұрыс орындауға тырысты.

Балалар өте белсенді қатысып, бірінші келуге ұмтылды. Жарыс соңында әділ-қазылар алқасы жеңімпазды атап шықты. Жарыс өте қызықты да көңілді өтіп, балалардың көңілінен шықты.