Ашық есік күндері өтуде...
Сәуір айының айлық жоспары бойынша жоспарланған біздің «№ 10 сәбилер бақшасында»Естияр «Ә» тобында 11 сәуір және 12 сәуір күндері ашық есік күндеріөтті. Нұрмағамбетова Салтанат Сағындыққызы бірінші санатты тәрбиеші келген ата-аналарға балалардың алып жатқан білімдерін сапалы түрде көрсете білді. Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылған сабақ болды. Ата-аналар бұл сабақтан кейін хауызымызға барып жүзу сабағына қатысып өз пікірлерін парақ бетіне түсіріп кетті. Хауыздағы жаттығулардың бәрі қызықты және балаларға оңай болды. Сонымен қоса Ағылшын тіліне де барып өз балаларының білімдерін сараптап қайтты. Балаларымыз екінші сәбилер тобынан бастап ағылшын тілін үйренуде. Бұл сабақ балаларға өте қызық. Бүгінігі күнде өз балаларының тәңертеңгі жаттығуларына қатысып өз ойларын айтып тәңертеңгі жаттығулар биік деңгейде өтетінін айтты. Осындай жеке мамандардың және тәрбешінің сабақтарын көрген ата - аналар үлкен қуанышпен, балабақшаға алғыстарын білдіріп,риза болып кетті.
«№10 сәбилер бақшасы»