Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
15-04-2013 06:28

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің
2012 жылғы «31» тамыздағы
№1119 қаулысымен
бекітілген

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) көрсетеді. 
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 4) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында  «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері: 
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап – кемінде 30 минут уақытты құрайды. 
2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты – кемінде 30 минутты құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет МДҰ-ға өтініш жасаған жағдайда МДҰ басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет МДҰ ғимаратында, тікелей басшының кабинетінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) қалалық (аудандық) Білім басқармасы, ауылдық жерде – әкімдік берген жолдама;
2) баланың денсаулық паспорты;
3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.
Мектепке дейінгі ұйымдарды бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі. 
12. Шарт бланкілерін МДҰ басшысы береді. 
Шарт 2 данада жасалады. 
Бала тіркеуден кейін мемлекеттік қызмет көрсететін МДҰ-да жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқыту және күтілу құқығына ие болады.
13. Мемлекеттік қызметті алушылар (заңды өкілдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бір данасы МДҰ басшысында ақталады, екіншісі мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) қолында қалады). 
14. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді.
15. Мемлекеттік қызмет МДҰ-да мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады. 
16. Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) мектепке дейінгі білімнің зайырлы, адамгершілік, дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтар, балалардың өмірі мен денсаулығының басымдылығы, тұлғаның еркін дамуы; 
2) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндігін құрметтеу;
3) тәрбиенің, оқыту мен дамытудың бірлігі;
4) кәсіби этика мен мәдениетті, қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылықты сақтау;
5) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;
6) мектепке дейінгі ұйым қызметінің айқындылығы мен басқарудың демократиялық стилі; 
7) сапалы мектепке дейінгі білім алуға баршаның тең құқылығы.

4. Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа  2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын білім беру саласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

20. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға МДҰ басшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді.
21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 3-қосымашсында мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне шағымданады. 
22. Мемлекеттік қызметті алушы шағымды Уәкілетті органға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес береді. 
23. Уәкілетті органның шағымды қарастыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Мемлекеттік қызметті алушы ресми түрде апелляцияға беру немесе шағымдану үшін еркін үлгіде өтініш береді. Өзімен бірге тұлғасын растайтын құжаты болуы тиіс. 
25. Қабылданған шағым білім бөлімінің кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі. 
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі білім беру

 ұйымдарына құжаттарды

қабылдау және балаларды

 қабылдау» мемлекеттік

қызмет регламентіне

2 қосымша

 

Әрбір әкімшілік әрекетті орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің реттілігі мен өзара әрекеттігін мәтіндік кестелік сипаттау

1-кесте ҚФБ әрекеттерін сипаттау

 

 

Негізгі үдеріс әрекеттері ( жұмысағыны,барысы)

 

Әрекет N (жұмыс

 барысы, ағыны)

1

2

ҚФБ  атауы

Мектепке дейінгі ұйым басшысы

Мектепке дейінгі ұйым басшысы

Әрекет (үдерістің,рәсімнің,операцияның)

Атауы және олардың сипаттамасы

Мемлекеттік қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және қарастыру

 

Шарт бланкісін беру

Аяқталу нысаны

(мәліметтер, құжат,

ұйымдастырушылық –

әкімдік шешім)

Мемлекеттік қызметті алушының қажетті кеңесті алуы

 

Шарт жасау, мемлекеттік қызметті алушыға шарт немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Орындау мерзімдері

30 минут

1 жұмыс күнінің ішінде

 

 

 

 

 

2- кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс

1-   Топ ҚФБ

Мектепке дейінгі ұйымының басшысы

2-топ ҚФБ

Мектепке дейінгі ұйымының басшысы

3-топ ҚФБ

Мектепке дейінгі ұйымының басшысы

N 1 әрекет

N 3 әрекет

N 5 әрекет

Құжаттарды қабылдау

Шарт бланкісін беру

Шарт жасау, мемлекеттік қызметті алушыға шарт немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

N 2 әрекет

N 4 әрекет

 

Мемлекеттік қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Шарт жасау

 

 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың байланыс мәліметтері

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметін көрсету бойынша функцияларды іске асыратын мектепке дейінгі ұйымдарының атауы

Орналасқан жері,мекенжайы,

электрондық мекенжайы

Байланыс

телефоны

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«№10сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

140000

Павлодар облысы, Павлодар қаласы,

Ткачев көшесі,15/1.

 

balabaksha_10@mail.ru

(8718)

655610

Демалыс (жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда,

Сағат

13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы  МДҰ-ға  мынадай  құжаттарды  ұсынуы  қажет:

1) қалалық білім  бөлімі берген жолдама;
2) баланың денсаулық паспорты;
3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.

4) өтініш

5) туу туралы куәлік  (қөшірме)
 

Мектепке дейінгі ұйымдарды бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі. 

 Шарт бланкілерін МДҰ басшысы береді. 
Шарт 2 данада жасалады. 
Бала тіркеуден кейін мемлекеттік қызмет көрсететін МДҰ-да жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқыту және күтілу құқығына ие болады.

 

Мемлекеттік қызметті алушылар (заңды өкілдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бір данасы МДҰ басшысында ақталады, екіншісі мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) қолында қалады). 
 

Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді.
 

 Мемлекеттік қызмет МДҰ-да мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады. 
Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.