Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
«№ 10 сәбилер бақшасы» ПМБАИ курс тыңдаушыларың қарсы алды.
17-04-2013 07:49
«№ 10 сәбилер бақшасы» ПМБАИ курс тыңдаушыларың қарсы алды.

«№ 10 сәбилер бақшасы» ПМБАИ курс тыңдаушыларың

қарсы алды.

2013 жылдың    17 сәуір күні  Павлодар қаласының   «№10 сәбилер  бақшасында» Павлодар облысы педагог мамандарының біліктілігін  арттыру  институтының  курс тыңдаушыларына арналған   « Денсаулық сақтаудың жаңа технологиясын оқу үрдісінде пайдалану» атты тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарға   көптеген аудандар мен қалалардан  дене шынықтыру мектеп мұғалімдері қатысты.

Ең алдымен  балабақша  директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова  сәбилер  бақшасының  жағдайымен  таныстырып , мәліметтер берді.

Бірінші тәңертеңгі жаттығуларды дене шынықтыру нұсқаушысы  Серік Ағыбайұлы Құрманғазинов  Ересек «Б» тобының балаларымен көрсетті.                                                                                                      Екінші сабақты  бірінші санаттағы дене шынықтыру нұсқаушысы Роза Қазизқызы Есмұханова  «Доп, хоп және мен » тақырыбында  ашық сабақ көрсетті. Хоптарды қолдану арқылы дәстүрден тыс сабағымен таныстырып, қызықтырып   көрсетті. Балалар сабақтын жоғары тығыздығы мен қарқыны арқылы сергектік күш – қуат алды. Әдістемелік жағынан  дұрыс құрастырылған және сабақта дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологияларын  қолданды.

Үшінші сабақты дене шынықтыру нұсқаушысы Серік Ағыбайұлы Құрманғазинов көрсетті. Тақарыбы: «Жарқын түсті көңілді резинкалар». Берілген  жаттығулары  бағдарламаның талаптарына сай. Балалармен сабақта «Аққұтандар мен бақалар» ойыны ойналды. Балалардың сабақта көңіл күйлері көтеріңкі болды және ойын ұнады. Курс тыңдаушыларына сабақтар ұнады,  алғыстарын айтып кетті.

«№10 сәбилер бақшасының әкімшілігі