ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ
ДОСТАСТЫҚ, ЫНТЫМАҚ ,БІРЛІК
КҮНІНЕ АРНАЛҒАН
МУЗЫКАЛЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ
Әркімге туыстық,
Туған қыз, ұл ыстық.
Бәрінен: «Тыныштық!»
Деген сөз тым ыстық!
Жасасын туыстық,
Достық пен тыныштық!
Барша халықты келе жатқан 1 – Мамыр «Халықтар достастығы мен бірлігі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Барлығымыз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кеше берейік. Қазақстанымыз жарқырап, көркейе берсін!!!
Қазақстан елінде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады орыстар, немістер, украиндер, молдавандар, грузиндер, өзбектер, түркімендер, ұйғырлар және тағы басқа ұлттар. Бұл ұлттардың өздерінің киімдері, тағамдары, ойындары, дәстүрлері бар. 1 – МАМЫР КҮНІ барлық ұлттар бір алаңда жиналып достық мерекесін тойлайды.
№10 сәбилер бақшасында да 24 сәуір мен 30 сәуір аралығында өз жоспарланған жұмыс жоспары бойынша ойын –сауық кестесі құрылған. 1-Мамыр «Халықтар достастығы мен берлігі» күні атты ойын-сауық өткізілуде.
Бүгін 2-ші сәбилер топтарынан бастап бұл мерекені тойлап ойын –сауықтар өткізілді. Ұйымдастырылған ойын сауық балалардың жас ерекшеліктерін де ескерген. Үш өкілдері қонақта болды. Олар: орыс, өзбек, түркімендер. Балалардың киімдері де, тақпақтары, билері де әр ұлт өкілдеріне сай болды. «Бір шаңырақ астында» деген ойын ойналды.
«№10 сәбилер бақшасы әкімшілігі»