Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Балалардың бойында рухани –адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
20-01-2014 10:38

 

Өзін –өзі тану пәні арқылы балалардың бойында рухани –адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

 

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамершілік- рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған кезінен көмектесуе болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекерге айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушіленрдің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды  басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл – сананың,сезімдердің, мінез -құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу,білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.

Адамершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс- әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен танысу кезінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге,көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Әр баланың жеке басы-оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау-бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте- еңбек сүйгіштік,үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай –ақ ұйымшылдық, жауапкершілік қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтары қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас-тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.

Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Атақты педагог Сухомлинский былай деген екен: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін ертегіден алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық». Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани –адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін –өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі мен оның мінез-құлқы мен іс- әрекетін анықтайды. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң –қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» -деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ ,айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әртүрлі ойындар ертегілер қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмейді. Жас ұрпақтың бйына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата ана мен ұстаздардың басты міндеті. Демек, шәкіртке жан –жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершілік асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштасады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-келешек тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерінің жан-жақты жетілген, парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін- өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершіліктің қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт- дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті ,қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.

Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбилеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіе қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда  «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эксперименттік пән ретінде жүргізілді. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты-адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік тәрбие беру. Өзін-өзі тану пәні –баланы  жастайынан Отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Халық педаогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері,ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті- халық педагогикасында деуге болады.

Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының орны ерекше. Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу-әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті», «Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық жұмыс»,дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке шеңберінен тұрады. Сабақтың негізгі  мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылады. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын ,жалпы адамгершілік қасиеттерге дамытудан тұрады. Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым –қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады. Мысалы: « Отбасы» тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым» газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда, отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық сана қалыптасқан, халқының әдет –ғұрпын, салт –дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шыныққан шымыр да сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым,жақсылықты сатпадым, ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.

Қорыта келенде, жас ұрпақтың тағдырын рухани-адамгершілікпен сабақтастырған, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін,руханияттық жаңа, ізгі ілімді үйретуге қадам жасаған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім-рухани өркендеудің түп тамыры, бастауы екені даусыз.

 

                                Павлодар қаласы «№ 10 сәбилер бақшасы» МҚКК

    Тәрбиеші: Т.Қ. Хамитова

                                                                                                                Ересек «Ә» тобы