
«Көңілді старт» атты спорттық жарыс
«Көңілді старт»атты спорттық сайыс білім бөлімінің ат салысумен өткізілді. Павлодар қаласының«10 сәбилер бақшасының» түлектерібұл спорттық сайысты асыға күтіп, өз бақтарын сынап II орынға иеленді.Құттықтаймыз!!! Бұл спорттық сайысқа Даярлық топтарының балалары қатысты. Олар: Амангельдинова К, Әкімтай Ә, Валитов А, Майкенов Д, Сағатова А, Каир А, Сәкен Н, Байтулова М. Осы балаларға тілейтініміз: зор денсаулық, әрқашанда жүйрік, епті балалар болып өсулеріне тілектеспіз. Осы балаларды «Көңілді старт» спорттық жарысына дайындаған С.А.Құрманғазинов пен Р.К.Есмұхановаға өз алғысымызды білдіреміз. Келешек жұмыстары алға басып, жоғарғы деңгейлерге жетулеріне тілектеспіз! Осы жарыста музыкалық сәлемдерін жолдаған Қ.Дильназ бен М.Камилаға да айтар алғысымыз шексіз.
«№10 сәбилер бақшасының әкімшілігі»