Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
«Толағай» отбасылық сайысы.
11-03-2014 05:10
«Толағай» отбасылық сайысы.

 

«Толағай» отбасылық сайысы.

    Көктем мерекесі қарсаңында  МҚКК №10 балабақшаның ересектер «Ә» тобы тамаша көңіл-күйде қарсы алды. «Бүлдіршіндеріміз алдымыздағы көктем мерекелеріне  мықты денсаулықпен, жігермен барғаны» жөн деп шешті  осы топтың тәрбиешілері.  Тәжірибелі тәрбиешілер сайысты жүргізуді  топқа келіп дипломалды практикада жүрген ПМПИ-дің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тобының 4 курс студенттері Отарина Гүлдана мен Сейтказина Жұлдызға табыстады.

Сайыс мынандай кезеңдер бойынша өтті:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Кіріспе сөз

Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың

Спортты серік ете біл

Жақсы азамат боласың.

  1. Спорттық жарыстар:

1.Кенгуру

2.Пингвин

3.Арқан тарту

4.Кедергілер

5.Қоян

6. Құрсаудан  құрсауға

7.Желаяқтар

  1. Қорытынды бөлім.

Әділқазылар шешімімен «Төрағасы: ПМПИ студенттерінің жетекшісі А.Б.Бакраденова)

өзара сайысқа түскен «Достық», «Жас қыран» және «Барыс» тобы ішінен жеңіске жеткен топ «Жас қыран» тобы болды. Сайысқа белсене қатысқандар (22бала) балабақша басшылығы тарапынан мадақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Балабақша әкімшілігі