«№ 10 сәбилер бақшасы» ПМБАИ курс тыңдаушыларың
қарсы алды.
2014 жылдың 15 қазан күні Павлодар қаласының «№10 сәбилер бақшасында» Павлодар облысы педагог мамандарының біліктілігін арттыру институтының курс тыңдаушыларына арналған « Денсаулық сақтаудың жаңа технологиясын оқу үрдісінде пайдалану» атты тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарға қалалық бақшаларының дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты.
Ең алдымен балабақша директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова сәбилер бақшасының жағдайымен таныстырып , мәліметтер берді.
Бірінші тәңертеңгі жаттығуларды Даярлық «Б» тобының тәрбиешісі Майра Науқанқызы Қамайлянова өз тобының балаларымен көрсетті. Бірінші сабақты жоғары санаттағы дене шынықтыру нұсқаушысы Роза Қазизқызы Есмұханова «Доп, хоп және мен » тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Хоптарды қолдану арқылы дәрстүрден тыс сабағымен таныстырып, қызықтырып көрсетті. Балалар сабақтын жоғары тығыздығы мен қарқыны арқылы сергектік күш – қуат алды. Әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған және сабақта дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологияларды қолданды.
Екінші сабақты дене шынықтыру мұғалімі Серік Ағыбайұлы Құрманғазинов көрсетті. Тақарыбы: «Жарқын түсті көңілді резинкалар». Берілген жаттығулары бағдарламаның талаптарына сай. Серік Ағыбайұлының дауыс ырғағы балалаларға нақты және түсінікті болды. Балалармен сабақта «Аққұтандар мен бақалар» ойыны ойналды. Балалардың сабақта көңіл күйлері көтеріңкі болды.
«№10 сәбилер бақшасы»