
Мемлекеттік тілде білім беріп тәрбиелейтін № 10 сәбилер бақшасы 2007 жылдың қараша айында ашылды.
Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы желтоқсан айында балабақшамызда қонақта болды. Балабақшаның тарихында қалатын ең маңызды беті болып табылады.
Ғимарат үш қабаттаң , 3 блоктан құрылған. Балабақшаның жобалық қуаты – 330 орын.
Балабақшада жасалған жағдайлар:
14 топтық бөлмелер
Музыка залы
Асхана
Кір жуатын орын
Медициналық блок
Бассейн
Компьютер кабинеті
Хореография залы
Бейнелеу өнері кабинеті
Дене шынықтыру залы
Құрғақ бассейн
Өзін-өзі тану кабинеті
Логопед кабинеті
Балабақшадағы топтық бөлмелер бүгінгі күн талабына сай жиһаздармен, әкімшілік – қызмет және үй- жай бөлмелері бүгінгі заман талаптарына сай жабдықталған, медициналық және технологиялық жағынан қамтамасыз етілген.
Педагогтік ұжымда 40 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 25 - жоғары, 15 орта- арнаулы білімді, 1- жоғары санатты, 10- бірінші, 8- екінші санатты мұғалімдер болып табылады. Сәбилер бақшасы:
2008-2009 оку жылында « Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша эксперименттік алаңға енді.
2007-2008 және 2008-2009 оқу жылдарында балалар шығармашылығының «Рауан» фестивалінде лауреат атанды.
2008-2009 оқу жылында балалар шығармашылығының облыстық «Бүлдіршін» фестивалінде лауреат атанды.