Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
№ 10 сәбилер бақшасы
27-10-2009 18:00
№ 10 сәбилер бақшасы

№10 сәбилер бақшасының «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңында «Көңілді тапқырлар клубы» өтті

Қазақстан Республикалық «Бөбек» балалар қорының президенті

Сара Алпысқызы Назарбаеваның бағдарламасы бойынша Павлодар қаласындағы «№10 сәбилер бақшасы» Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны эксперименттік «Өзін-өзі тану» алаңына енді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының міндеттері: рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнын құрайтын сүйіспеншілік, достық, бақыт, тағы сол сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу. Жоспар бойынша әр ай сайын ата-аналармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, осы жылдың қазан айында «Ә» даярлық тобының балалары мен ата-аналары қатыстырылған «Көңілді тапқырлар клубы» атты сайысы өтті. Балалар екі топқа бөлінді. Бұл шараның негізгі мақсаты: ата ана мен бала және тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, өзара достыққа, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. «Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны дұрыс тәрбиелеу керек, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады»,- деген дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Баланы балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпашылықты тәрбиешілерге салып қойған дұрыс емес. Баланы бақшаға берген соң ата-ана тәрбиешілермен тығыз байланысты қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс істеу керек. Көңілді тапқырлар клубының қатысушылары арасындағы бірлестікті «Шаттық шеңберінен» көруге болды. Олар бір-бірлеріне жылы жүзбен қарап, жылулық сыйлады, әрқайсысы өзін таныстырып және өзін сипаттайтын бір сын есім айтты. Әр топтың мүшелері тапсырмаларды орындау барысында бір-бірімен пікірлесіп, келісіп, көмектесіп отырды. Мысалы, бірінші тапсырма бойынша әр топ өзінің тобына ат қойды және оны сипаттап берді. Бірінші топ өздерін «Балауса» деп, ал екінші топ «Жұлдыздар» деп атады. Екінші тапсырмада бір топқа мысықтың суретін, ал екінші топқа күшіктің суретін кезектесіп бір-бір элементтен салу тапсырылды. Келесі тапсырмада әр топ адамның мінез құлқын, іс-әрекетін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетті. Мысалы: «Бір-біріне ренжіп қалған балалардың іс-әрекеті», «Тамақ ішкісі келмей отырған баланың іс-әрекеті» т.с.с. Бұл жерде ата-аналар да, балалар да өздерінің әртістік қабілеттерін танытып, кішкентай қойылымдарды көрсетті. Балаларымыз билеуді жақсы көретіндіктен бишілер сайысын ұйымдастырдық. Топ мүшелері бір қатарға тұрып, ал алдарына би қозғалыстарын көрсетіп тұратын бишілер кезектесіп шығып отырды. Бұл сайысталаптарын бірдей орындаған топқа ұпай берілді. Сайыс арқылы балалар өздерінің шапшандықтарын, бірлесіп жұмыс істей алатындықтарын ғана емес, сонымен қатар өздерінің жеке өнерлерін көрсете білді. Рахымғалиева Райгүл «Ана тілім» әнін құйқылжыта орындады. Темірбаев Арыстан, Жакупов Ілияс, Мағауина Диана атты балалар триосы «Жас дәуірдің түлегіміз» атты әнді құлақ құрышын қандыра орындап бәрімізді риза қылды. Ең соңында әділқазылар алқасы тапсырмалар бойынша қорытынды жасап, женген топты мадақтап, «Мадақтау» қағазымен марапаттады.