Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
«Жомарт күз» мерекесі.
01-11-2009 18:00
«Жомарт күз»  мерекесі.

Алтын күз жанға жайлы, қоңыр салқын

Қойыпты «Жомарт күз» деп тауып атын

Ақ бидай, арпа, сұлы, дала аруы

Сан түрлі жемістері жейтін халқым

деп Павлодар қаласының «10 сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында «Жомарт күз» мерекесіне арналған ойын-сауық өткізілді.

Ойын-сауықтың мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін кеңейту және танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Мерекелік шараға 2 сәбилер топтарынан бастап барлық балаларымыз қатысты. 2 сәбилер топтарының кішкентай балдырғандары орманға саяхат жасады ( «Орманға барамыз» деген ән-биді орындады)

Күз мезгіліне арналған әндер орындалып, тақпақтар айтылып, би биленіп, ойындар ұйымдастырылды.

Балалардың көңіл-күйлерін көтеру және қызығушылықтарын арттыру үшін кейіпкерлер: Алтын күз, Ақ саңырауқұлақ, Кірпі, Қоян келді.

Балалар ойын ойнау кезінде Алтын күз айтқан жұмбақтарды шешті, Кірпіге жаңғақтар мен, саңырауқұлақтарды жинап берді.

Әсем кештің ажары әсем бисіз бола ма дегендей, балаларымыз қолшатырмен және « кішкентай әлем» деген билерді мың бұрала орындап берді.

Балдырғандарды жылдамдыққа, шапшандыққа баулу мақсатымен «Допты кіргіз», «Шалшықты айналып өт» атты ойындар ойналды.

Музыкалық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Жаңбыр тамшылары» деген әнді шырқады. Күздің байлығын, берекесін әнмен өріп, бимен әрлеп «Жомарт күзді» өз нақышында, өз деңгейінде мерекелеген іс-шаралар балалардың ойында ұзақ сақталады деп ойлаймыз.