
№ 10 сәбилер бақшасында ата – аналармен бірлескен «Шынықсаң-шымыр боласың» атты спортық жарыс өтті.
Қазіргі кездегі үлкен мәселелердің бірі - ол балалардың денсаулығын нығайту. Осыған байланысты біздің балабақшамызда «Шынықсаң – шымыр боласың» атты ата- аналармен бірлескен спортық жарыс өткізілді. Сайысқа үш даярлық топтың балалары мен ата-аналары қатысты. Олардың ойын- жарысына деген қызығушылықтарын және бір- біріне деген достық қарым- қатынастарын жақсарту мақсатында түрлі қызықты тапсырмалар берілді. Мысалы: бірінші тапсырма бойынша әр топ өзінің тобына ат қойды және өздерімен таныстырып өтті. Олар «Қайрат», «Қайсар», «Ұландар» топтары.
Келесі тапсырмаларда маттардың үстінен бір рет айналып себеттерге допты лақтыру, бір қырсаудағы доптарды қол тигізбей, екінші қырсауға аяқтарымен беру арқылы сайыста әр топ өздерінің шапшандықтары мен тапқырлықтарын көрсете білді. Бақшамыздағы көптеген шараларға отбасылармен бірге белсенді қатысып отырған ата- аналарымызға алғысымызды білдіреміз.