Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Алақай!!! № 10 сәбилер бақшасының балалары «Балбұлақ» конкурсының екінші турына өтті.
06-12-2009 18:00
Алақай!!!  № 10  сәбилер  бақшасының  балалары  «Балбұлақ» конкурсының  екінші  турына  өтті.

Алақай!!! № 10 сәбилер бақшасының балалары «Балбұлақ» конкурсының екінші турына өтті.

2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Тіл туралы» заңға 20 жыл толуына байланысты тілдік ортаны дамытуды жүзеге асыру мақсатында, қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырған мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілерінің арасында «Балбұлақ» сайысы өтті. Осы сайысқа Павлодар қаласындағы №10 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері де қатысып, біздің қуанышымызда шек жоқ..... Өйткені біздің жеткіншектеріміз екінші турға шықты. Бірінші тур екі бөлімнен тұрды: біріншісінде олар өздерін таныстырды, ал екінші бөлімінде үй тапсырмасын ортаға салды.

Біздің балаларымыз Смағұлов Дастан, Хасен Әлішер, Ахметова Дана, Жаңғабыл Айпара, Жапаров Санжар, Сансызбай Нұрай өз өнерлерін, әртістік қабілеттерін танытып, кішкентай қойылымдарды көрсетіп, мемлекеттік тіл туралы нақышына келтіре, құйқылжыта ән орындады. Ән-күй жетекшілері : Амангелді Айгүл Амангелдіқызына, Ахметова Динара Қапарқызына және ата-аналарымызға үлкен алғысымызды айтамыз.