Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
№ 10 сәбилер бақшасында Тәуелсіздік Күні мерекесінің қарсаңында Ұлттық мұражай ашылды
06-12-2009 18:00
№ 10 сәбилер  бақшасында  Тәуелсіздік Күні  мерекесінің  қарсаңында   Ұлттық  мұражай  ашылды

№ 10 сәбилер бақшасында Тәуелсіздік Күні мерекесінің қарсаңында Ұлттық мұражай ашылды

Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениеті қайта өркендеу жағдайында балаларды өз халқының рухани қазынасымен тереңірек таныстыру қажет. Өйткені, өз халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін жақсы білмейінше, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан, біздің балабақшамызда Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында «Ұлттық мұражай» ашылды. Ашылу салтанатына бақшамыздың барлық топтары қатысты.

Мұражайдың ішіндегі қазақ халқының ата заманнан келе жатқан қасиетті қарашаңырағымен, баға жетпес мәдени мұрасы – киіз үйімен және оның ішіндегі ата-бабамыз қолданған тұрмысқа қажетті заттарымен таныстырып, балалардың қызығушылықтарын арттырдық.. Ағаштан жасалған қазақ бесігі балаларды ерекше қызықтырды. Олар оның бөліктерімен танысып, сәбиді қалай бесікке бөлегені жайлы әңгімені құлақтарын түріп тыңдады.

Ағаш, сүйек, тері, жүн сияқты шикізаттарды өңдей отырып, тұрмысқа қажетті заттар жасап қолданғаны туралы мұражайдағы ыдыстарға қарап айтуға болады. Оның ішінде «Тостаған», «Торсық», «Күбі», «Үкіш» ерекше орын алған.

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерін, өнерін, іскерлігін, өнер шеберлігінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды көрсетіп, түсіндіріп, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулып, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру - біздер – тәрбиеші - педагогтардың басты міндетіміз болып саналады.