№10 сәбилер бақшасының балалары
«Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» атты «Достық» үйінде өткен
облыстық форум – фестиваліне қатысты
Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау Департаментінің ұйымдастыруы бойынша №10 сәбилер бақшасының «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңына енген балалары «Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» атты облыстық форум – фестиваліне қатысты.
Форум – фестивальдің ең басты мақсаты:
1. Баланың үйлесімді қалыптасуына ықпал ету, адамгершілік құндылықтарды танып біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, өзін-өзі тануы арқылы өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік туғызу.
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылықпен жұмыс атқаратын алаңдарды анықтау.
Форум – фестиваль бірнеше кезеңдерден тұрды, оның бірі – «Бөбек» балалар қорының президенті, Қазақстандық Ана –
Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған концерттік бағдарламада біздің балаларымыз өз өнерлерін көрсете білді. Олар ең алдымен балабақшамен таныстырды, екіншіден «Өзін-өзі тану» алаңында неге үйреніп жатқанын тақпақ, өлең түрінде айтып, ал ең соңында
Сара Алпысқызы Назарбаеваны туған күнімен құттықтап, «Құттықтаймын!» әнін орындады. Біздің балаларымыздың шығармашылық өнері барлық қонақтардың көңілінен шықты.
Өз құттықтауларымен Павлодар қаласындағы №111 балабақшасы да қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша біздің эксперименттік алаңымызға қатысқан үшін ДИПЛОММЕН және DWD сыйға тартылды. Біз өте қуаныштымыз!