Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Наурыз мерекесі құтты болсын!
18-03-2010 18:00

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі де келіп жетті. Наурыз мейрамы бүгінде халықаралық деңгейде тойлануда. Біздің де №10 сәбилер бақшасында «Қош келдің - Әз наурыз!» атты наурыз мерекесіне арналған естияр, ересек, даярлық топтарында ертеңгіліктер өтті. Қазақ халқы ежелден өз өнерімен, ұлттық ойындарымен, салт дәстүрлерімен таным. Біздің балаларымызда ертеңгіліктерде өз өнерлерін ортаға салды. Олар мерекеге арналған әндерін, тақпақтарын айтты. Мың бұралған қыздарымыз қазақ биінің әсемдігін «Қамажай» биі арқылы көрсете білді. Ұлдарымыз, еліміздің болашақ батырлары, ұлттық ойындарында ептіліктері мен қүштерімен сынасты.

Қазақ халқының ежелгі наным-сенімі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды деген, біздің бақшамызға да Қыдыр ата келіп, өз батасын берді.

Қазақтар ұлыстың ұлы күнін жаны-тәні таза қалпында, жаңа киіммен, жақсы тілекпен қарсы алады. № 10 сәбилер бақшасының ұжымы да өз тілектерін білдіреді.

Құрметті әріптестер! Әр күндеріңіз наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Наурыз келді көкжиекте сағым аунатып,

Жауқазындар қырға шықты қоңыраулатып.

Жан дүниемде ғажап сезім оянады,

Ой да, қыр да алуан түске боянады.

Бірін-бірі барлық адам туыс көріп,

Құттықтайды! Келді наурыз ырыс төгіп.