Наурыз айында № 10 сәбилер бақшасы ПМБАИ курс тыңдаушыларын қарсы алды.
Жұмыс 2 бағыт бойынша жүргізілді. Ең алдымен - №10 сәбилер бақшасының директоры Темірбекова Б.Қ. – балабақшаның бағыттары жөнінде және педагогтармен ұйымдастыру жұмыстарымен таныстырды.
Бірінші күні: «Өзін - өзі тану» бағдарламасы рухани – адамгершілік тәрбие берудің негізі» - тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілді.
Директор Темірбекова Б. Қ. «Өзін - өзі тану» кабинетіне қойылатын талаптарына тоқталып, қысқаша мәлімет берді.
Педагогтар: Хамитова Т.Қ., Нұриденова Г.Е. деген педагогтар «Өзін - өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтарын көрсетті.
2-ші сәбилер тобының тәрбиешісі Нұрмағамбетова С.С. «Өзін - өзі тану» пәнінін элементерін қолдану арқылы тіл дамыту сабағын көрсеткен.
Инновациялық әдіскер Қабылдина Ж.Қ. «Өзін - өзі тану» бағдарламасы және әдістемелік бойынша жалпы мәлімет баяндап, әдістемелерді қалай балалармен жұмыс барысында қолдану керек екенін «Өзін - өзі тану»- пән мұғалімі Хамитова Т.Қ. практикалық жұмыс арқылы өткізді.
Психолог Қабылдина Ж.Қ. курс тыңдаушыларымен «Адамгершілік – адамның нұрлы шуағы» – атты тренинг ұйымдастырды.
Екінші күні: «Балаларды жан – жақты дамуы үшін денсаулық сақтау технологияларының элементтерін қолдану»- атты тақырыптың мән-мағынасын ашып, талқылады.
Педагогтар әрбір сабақта дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологияларының элементтерінің түрлерін көрсете білді.
Эстетика мұғалімі – Бейсембаева Г.А. бейнелеу сабағында «Түстер терапиясы» технологиясымен таныстырып көрсете білді.
Бұл сабақта балалар түстерді таңдау арқылы өз эмоцияларын және көңіл – күйлерін білдіріп жеткізе алды.
Дене шынықтыру нұсқаушы Есмуханова Р. Қ. хоптарды қолдану арқылы дәрстүрден тыс сабағымен таныстырып, қызықтырып көрсетті.
Балалар сабақтын жоғары тығыздығы мен қарқыны арқылы сергектік күш – қуат алды. Суда жүзу нұсқаушысы Айгужинова Г. З. судағы ойындар арқылы денсаулық сақтау технологияларының элементтерін суда жүзу сабағында қалай қолдануға болатынын айтып, көрсетті.
Әдіскер: Норпейсова Г.Қ. – презентация арқылы дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологияларының элементтерімен таныстырды. Осы технологияларды курс тыңдаушыларымен іс – жүзінде өткізілді. Курс тыңдаушыларымен «Өзіңе қандай білім алдың?» атты рефлексия жүргізді. Педагогтардың пікірлерінше, олар өз жұмыстарына көптеген жаңа ақпарат пен тың мәліметтерді қолданысқа енгізу жөнінде мәлімдеді.