Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
«Алтын күз» мерекесі.
31-10-2010 18:00
«Алтын күз» мерекесі.

деп Павлодар қаласының «№10 сәбилер бақшасының» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорында «Алтын күз» мерекесіне арналған ойын-сауық өткізілді.

Ойын-сауықтың мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін кеңейту және танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.Мерекелік шараға естияр топтарынан бастап барлық балаларымыз қатысты.Күз мезгіліне арналған әндер орындалып, тақпақтар айтылып , би биленіп , ойындар ұйымдастырылды.

Балалардың көңіл-күйлерін көтеру және қызығушылықтарын арттыру үшін кейіпкерлер: Алтын күз, Ақ саңырауқұлақ келді. Балалар саңырауқұлақпен қызықты ойындар ойнады. Ойын балалардың көңілдерінен шығып, қатты ұнады. Әсем кештің ажары , әсем бисіз бол ма дегендей , балаларымыз «Күзгі танго» биін биледі.

Балғындарды көкөністерден жемістерді айыра білу мақсатында екі топқа бөліп ойындар ойнатылды. Музыкалық аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен «Біз бақытты боламыз» деген әнді шырқады. Күздің байлығын , берекесін әнмен өріп, бимен әрлеп «Жомарт күзді» өз нақышында, өз деңгейінде мерекелеген іс-шаралар балалардың ойында ұзақ сақталады деп ойлаймыз.