Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
27-01-2011 18:00
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ                                      Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»

Президенттің биылғы 2011 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауы он жылдық мерзімді қамтиды. Онда еліміздің экономикасын өсіру, халықтың өмір сүру жағдайын көтеру басты мақсат ретінде қойылған. Әсіресе, денсаулық сақтау мәселесіне байланысты айтылған жағдайлар орынды. Жаңа мектептер мен жеке меншік балабақшалардың ашылуы маңызды орынға қойылды.Балаларды балабақшаға орналастырудың көрсеткіші жоғарылады, атап айтқанда 30-55%, 2015жылы-75%, 2020 жылы -100% қамтамасыз ету жоспарланды. Сонымен бірге Елбасы бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап- 30 пайызға көтерілетінін айтты. Дәстүр бойынша №10 сәбилер бақшасының қызметкерлері Елбасы Жолдауын ұжым болып мұқият тыңдады. Бұл маңызды құжаттың әрбір қазақстандыққа оң өзгеріс әкелетінін олар асыға күтеді. Осымен бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып, дәстүрге айналған Елбасының тікелей эфирі бойынша өткен- Қазақстан жолдауын тыңдадық. Қысқаша айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері экономикамыз жоғары деңгейге жетті. Мұнда атқарылған жұмыстар 2020 жылға дейін қарастырылған. Биылғы жолдаудың ең өзектісі индустриялық- инновациялық бағадарлама.

Балабақшының ән- күй залы тыңдармандарға лық толы болды. Мұнда балабақша тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері, мамандар, тіпті Жолдауды тыңдауға құлшынған қызметкерлердің саны залда өте көп болды,бір сағат бойы Елбасының маңызды Жолдауын тапжылмастан тыңдады. Жолдаудың әрбір тармағына педагогтар қауымы мұқият құлақ асып, ынта қойып тыңдады. Қазіргі таңда білім алу үшін үкімет тарапынан жан- жақты жағдай жасалып отырғанына көз жеткізуге болады. Жолдауда көптеген мәселелердің қозғалғаны көпшіліктің көңілінен шықты деп білміз. Бұл өзі бір жылдық емес, он жылға татитын тұшымды Жолдау болды. Елімізді алға бастырып, өркендетуге бағытталған осы аса маңызды құжат келешекте саналуан салада жаңа табыстарға қол жеткізеді деп кәміл сенеміз.