
№10 сәбилер бақшасында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндік шеңберінде іс-шара өтті. Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы мен қоғамдық қызметі, адамның өзін тану әлемінің бастамашысы ретіндегі рөлін таныту мақсатында «Сүйіспеншілік –өмір негізі» ашық көрініс, «Балаға жүрек жылуы» «Қайырымдылық жасай біл» тақырыптық сабақтар өткізілді.
Мақсаты балалардың жүрегіндегі анасына, айналасындағыларға деген сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Балалар топқа бөлініп бір-біріне ізгі тілектер айтуынан бастады.ән, тақпақ ,әңгіме айтылды.
«Өзін – өзі тану» пәні – сан қырлы,
Айтар ойы, мақсаты оның маңызды.
Жеке тұлға қалыптасса жан – жақты,
Болашағы болар елдің таң нұрлы,
Өзін – өзі, өзгеніде танитын,
Мейірімділік, адалдыққа баулитын
Сездіретін жүректердің жылуын.
Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.