Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ән айту - вокал өнері
21-01-2017 02:14
Ән айту - вокал өнері

Мектеп өмірінде вокалды- хор үйірмелерінің алатын орны ерекше. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде хормен ән айтудың тигізер әсері мол. Ән айту физиологиялық құбылыс болғандықтан, ағза қызметіне, оның функционалдық қабілетіне байланысты құбылыс. Ән айтуда ми, жүйке жүйелері, дыбыс аппараттары, көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай, кеңірдек, кеуде, өкпе сияқты, ағзалар бір-бірімен өзара тығыз байланыста қызмет атқарады.

«Хор вокал» сабағының мақсаты мен міндеттері: Оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру, ән айту ережелерін үйрету, музыканы тыңдау,есту қабілеттерін қалыптастыру, әнді таза,мәнерлі,әсерлі орындауға үйрету, музыка мен сөз аралығындағы бірлікті сезіну, дауыстың табиғи таза шығуына,әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту, екі дауыста орындауға үйрету, балалардың музыкалық білімін жетілдіру, музыкалық сауаты,эстетикалық және рухани ой-өрісі дамыған, музыка өнерінің адам өміріндегі мәнін жете түсіне алатын ұрпақ тәрбиелеу. Аталған міндеттерді орындауда мектебімізде Анишева Гүлжан Мағауияқызы жетекшілігімен хор үйірмесі 4 -11 сынып оқушылары арасында жүргізілсе, сол сияқты музыка мұғалімі Исакова Гаухар Әбдікешқызының жетекшілігімен 2-11 сынып оқушылары арасында вокал үйірмесі жүргізіледі.