Суық мезгілінде жедел респираторлық – вирустық инфекциялардың жұлдызды сәті болатындығы мәлім. Биылғы қыс кезеңі де ерекше болған емес.
Жедел респираторлық – вирустық инфекциясы мен тұмаудың алдын алу шараларын өткізу мақсатымен, біздің мектептің мұғалімдері ата-аналар мен балаларға лекциялар өткізіп, әр күн сайын кабинеттерді желдетіп отырады. Бастауыш мектеп оқушылары сарымсақ «амулеттерін» тағып жүр.
Сонымен қатар, бұл аурудың алдын алу шараларының бірі – таза ауада серуендеу, себебі ағзадағы тыныс алу мүшелерінің жақсы жұмыс жасауына өз септігін тигізеді.
Біздің мектеп алаңыңда мұз айдынында коньки теуіп, қар лақтырып, бір-бірін қуып «Аяздағы қызықты ойындарын» ойнайды. Беттері қызарған, көңілдері ақ жарқын, қуанышты... Оларға ауруға уақыт жоқ!
Статистикалық деректерге сүйенсек, біздің мектеп ЖРВИ мен тұмау ауруларының көрсеткіші 8%-ын құрайды.