2016 жылдың 11 – 16 сәуірде біздің мектебімізде қазақ тілі және әдебиет аптасы өтті.Осы іс-шараға мектептің барлық оқушылары қатысты . Түрлі викториналар ,сайыстар өткізілді. 14 сәуірде «ХХІ ғасырдың көшбасшысы »сайысы болды, өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Нұрмағамбетова Ғ.М. 15 сәуірде "1001 мақал, 101 жұмбақ" конкурсы болды. Өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Жерғасинова Г.Е. "Жұлдызды сәт" сайысына оқушылар белсене қатысты. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ ертегілері өте ұнады ,ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімі Ысқақова Ж.Т.