Бүгін біздің мектепте «Мектеп және отбасының қарым – қатынас жасау формалары арқылы ата – аналар құзыреттілігінің деңгейін арттыру» атты педагогикалық кеңес өтті. Шағын топтарда жұмыс істеу барысында мұғалімдер ата – аналар жиналысына дайындалу алгоритмін, жиналысты табысты өткізу себептерін анықтап, ата – аналармен қарым – қатынас жасау ережелерін анықтады.