2016 жылдың 18 наурызында біздің мектепте Наурыз мейрамына арналған сахналық көрініс өткізілді. Мерекеге №23 және №3 мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қонақ ретінде педагогикалық еңбек ардагерлері, оқушылардың ата – аналары, сондай – ақ Облыстық кәмелетке толмағандар орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Мерекенің соңы спорттық ойындармен ұласып, мектеп алаңында орнатылған киіз үйде бауырсақ пен шай таратылды.