«Мен бейбітшілік және толеранттік үшін» атты онкүндік аясында біздің мектепте «Ортақ Шаңырақ астында» атты кездесу өтті. Кездесуге Достық үйінің қосымша білім беру педагогтары қатысты. Сондай – ақ, бұл кездесуге Облыстық кәмелетке толмағандар орталығының тәрбиеленушілері шақырылды. Іс – шараны №3 музыкалық мектеп тәрбиеленушілері бастап, өз өнерлерін ортаға салды. Қонақтар поляк, болгар, кәріс халқының салт – дәстіүрлері, мәдениеті туралы қызықты да тартымды әңгімелеп берді. №23 мектеп ұжымы Достық үйінің педагогтарына Алғыс хаттар табысталып, КТБО – ның тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар таратылды. Іс – шараны №23 мектебінің «Кубик - рубик» ансамблі тәмамдады.