Тұңғыш Президент күні қарсаңында Балалардың бос уақытын қамту және балалар шығармашылығы орталығының педагогтары 6 сынып оқушыларымен викторина өткізді. Іс-шара барысында балалар өз мемлекетін құрып, атауын берді. Викторина тапсырмаларын орындау кезінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, еңбек жолы, мемлекеттік рәміздер мен Ата заң туралы білімдерін көрсетті.