"Мүбәрак Жаманбалинов оқулары"
![](/media/img/blogs/5e37f882719e9.jpeg)
Бүгін, 29 қаңтар күні, біздің мектепте "Мүбәрак Жаманбалинов оқуларының" мектепшілік кезеңі өтті. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Мүбәрак атамыздың өлеңдерін оқып, сахналық көріністер көрсетті. Әділқазылар мен көрермендердің көзіне ерекше түскен 4-сынып оқушысы Нұрболат Қуаныш. Бұл оқушы жүлделі бірінші орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды.