14.10.2011 жылда ЖБМ мектеп Республика президентінің инаугурациясы өтті.
Шараға қонақ ретінде, қалалық білім беру мекемесінен Досанова Р.С. және мектеп мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Инаугурацияны «Надежда» би тобы «Жез киік» биімен ашты.
Президенттің кім болып қабылданғаны үшін айтуды мектеп басшысына Ф.И.Ибрагимовке берілді. Мектеп президенті болып 10б сынып оқушысы Ахметжанов Нағымет сайланды. Осы кезде ҚР әнұраны орындалды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың алдында өзінің антын Ахметжанов Нағымет берді. Өткен сайлаудың нәтижесі барынша Нағымет – 39% дауыс жинады, Қалиев Әділжан – 30%, Курбанов Руслан - 19%.
Инаугурацияда Ахметжанов Нағымет өз пікірін, ұсыныстарын айтты. Өткен жылғы бітіріп кеткен түлек Әсел Карімжанова өз құттықтау тілегін білдірді. Соңында мектеп әнұраны орындалды.
Оқу тәрбие жұмысының меңгерушісі Н.Т.Тоғайбаева