Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
![Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!](/media/img/blogs/5189c88989164.jpg)
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 68 жыл толды.
Қуаныш пен қайғы жасы қатар келетін Жеңіс күні мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат.
Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.
Сіздер бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түстіңіздер, қайғы-қасірет шектіңіздер, адам төзбес ауыртпалық көрдіңіздер. Бірақ, бәрін де жеңдіңіздер. Сіздердің осы жанкешті еңбектеріңіз ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге болып қала бермек.
Сондықтан да, қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде, ал, осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында.
Қымбатты ардагерлер, осынау айтулы мерекеде Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, шаттық тілейміз.