"Универсиада-2017" бірыңғай тәрбие сағаты
Бірнеше күннен кейін Қазақстанда алғаш рет өтетін Универсиада ойындары басталады. XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Балалардың спортқа деген қызығушылығын және Универсиада идеяларын тарату мақсатында, 25 қаңтар күні мектебізде «Универсиада 2017» бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар Универсиада ойындарының өткізілу тарихымен, символдары және міндетті атрибуттарымен танысты. Тәрбие сағатына 28 Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының алау эстафетасына қаысушы мектебіміздің 2015 жылғы түлегі, Вибе Алексей қатысты. Биылғы жылы ол облысымызда өтетін алау эстафетасының бір мүшесі. Алексей оқушыларға Унивесиада ойындарының өткізілуі туралы қызықты мәліметтер айтып, спортпен айналысуға кеңес берді.
![20170125_133041](/media/img/blogs/740610154.jpg)