19 желтоқсаннан бастап мектепте гуманитарлы бағыт пәндерінің апталығы басталды. Бұл апталықты оқушылар жыл сайын үлкен қызығушылықпен және қуанышпен өткізуде. Апталық шеңберінде мұғалімдер оқушылардың алған білімдерін көрсеті мақсатында ашық сабақтар жүргізіп, түрлі викториналар мен конкурстар ұйымдастырды. Осындай іс-шаралардың ішінен ерекше қызықты «Орыс тілінің білгірлері» атты серілік сайысты ата өтуге болады. Бұл сайыста оқушылар өздерінің орыс тілі және әдебиетінен алған білімдерін көрсетумен қатар шығармашылық қабілеттерін таныта білді. Апталықтың соңғы ауқымды және нүкте қояр шарасы ретінде «Әдеби шығармалардың қаһармандар балы» өтеді.