Мерейлі де мерекелі мамыр мерекелеріне орай 16 мамыр күні мектебіміздің 5 «ж», 5 «д» сынып оқушылары Жас Ұлан, ал 1 «а», 1 «б», 1 «в», 1 «г», 1 «д», 1 «е», 1 «ж», 1 «з», 1 «и» сыныптарының үздік оқушылар «Жас Қыран» қатарына қабылданды. Оқушылар салтанатты түрде Ант қабылдап, мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары галстук тағу рәсімін өткізді.