![Қалалық интеллектуалды «Текстознайка» функционалды сауаттылық конкурсы](/media/img/blogs/5aeac8ff05b44.png)
28 ақпан күні "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен №9 ЖОМ базасында, мектеп оқушылары арасында дарынды балаларды таңдау және оқу сауаттылығын дамыту мақсатында, 2-4 сынып оқушылары арасында «Текстознайка» функционалды сауаттылық конкурсы өткізілді.
Мектебіміздің атынан келесі оқушылар конкурсқа қатысым көрсетті: Илдырым Аныл (2 сынып), Трусов Никита(3 сынып), Пивень Александр(4 сынып), Шайман Мерей(3 сынып), Шамишева Адель (4 сынып), Тажибеққызы Жасмин (2 сынып).
Конкурс 2 кезеңнен 3 бағыт бойынша өткізілді: «Оқу сауаттылығы» - 5 тапсырма, «Жаратылыстану сауаттылығы» - 5 тапсырма, «Математикалық сауаттылық» - 5 тапсырма.
Конкурс нәтижелері бойынша 5 оқушы жеңмпаз атанды: 1 диплом 1 дәрежелі, 4 диплом 2 дәрежелі.
1 орынға оқытылу орыс тілінде жүргізілетін 2 сынып оқушысы Илдырым Аныл иеленді.
2 орынға оқытылу орыс тілінде жүргізілетін 3 сынып оқушылары, Трусов Никита, Пивень Александр иеленді.
2 орынға оқытылу қазақ тілінде жүргізілетін 3 сынып оқушылары: Шайман Мерей, Шамишева Адель иеленді.
Оқушыларға шығармашылық табыс тілейміз!