2015 жылы Telegram-да боттарды жасауға арналған платформа пайда болғаннан бері мессенджер түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды. Көптеген әзірлеушілер чат-боттар түрінде әр-түрлі қосымшалар және сервистердің аналогтарын жасай бастады, олармен өзара іс-қимыл чат режимінде алдын ала белгілі бір командалар көмегімен жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні EgovKzBot2.0 (https://t.me/Kenes1414Bot)– электрондық үкімет порталының боты арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:
- Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру;
- Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;
- Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
- Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
- Базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу бойынша анықтама;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау;
- Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;
- Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама;
- Ең жақын ХҚКО;
- «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру;
- «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру;
- «Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру;
- Зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
- Зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат;
- Шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру;
- Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу;
- Жылжымалы құрам кепілінің бар болуын іздеу;
- Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің бар болуын іздеу;
- Автокөлік кепілінің бар болуын іздеу;
- Ауылшаруашылық техникасы кепілінің бар болуын іздеу.
Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.
Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» (МАБ) порталда бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. Ол SMS-код арқылы растауды және пайдаланушының ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.
Telegram мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @Kenes1414Bot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.
Маңызды сәтті айта кетейік: егер сіз ботты бастапқы іске қосуды мессенджердің басқа платформалары арқылы жасасаңыз, онда ол жұмыс істемейді. Яғни, ботты веб-, десктоп- нұсқасы арқылы немесе планшетте іске қосу әрекеті кезінде қызметтер қол жетімсіз болады. Оны тек қана сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонда іске қосу қажет. Осыдан кейін, бот барлық платформаларда жұмыс істей бастайды.
Қызметтерге көрсетілген команда-батырмаларының көмегімен бастағаннан кейін бірден сұратым жіберуге болады.
Қажетті қызметті, оның параметрлерін таңдап сұратымды қабылданған SMS-код арқылы растаңыз.
Мәртебесін тексерген соң, сұратым дайын болған жағдайда, оны жүктеп алуға не қалаған электрондық пошта мекенжайына жіберуге болады.
Telegram-бот арқылы қазметтерді алудың жалпы үдерісі осындай, өте оңай, жылдам және ыңғайлы. Бот арқылы қолжетімді қызметтер саны бірте-бірте кеңейеді.
Ескертпелер:
- SMS-кодты алуға қатысты қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны арқылы Бірыңғай байланыс-орталығымен хабарласып консультантқа телефон нөмірін, ұялы байланыс операторының атауын және телефон нөмірі бір оператордан басқа операторға ауыстырылғаны туралы мәліметтерді хабарлау қажет.
- Telegram-ботта жаңа қызметтердің пайда болуын анонстаудан кейін оларды қолдану үшін боттың өзін қайта іске қосуды қажет ететін жағдайлар болады. Бұл мәзірдің «Тарихты тазарту» тармағын таңдау және содан кейін «Старт» батырмасын басу арқылы жасалады.