Сенім телефоны
8-718-2-62-12-92
email: sosh23@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Бакинская көш., 4
611290, 611296, 611297
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 16.00 - 17.00, Сейсенбі 16.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Нормативтік құжаттар

«Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіптік одағының

Павлодар облыстық ұйымы»

қоғамдық бірлестігінің

Жарғысы

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы
  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
  • «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» (әрі қарай мәтін бойынша – Облыстық кәсіподақ ұйымы) ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік түріне қарамастан білім және ғылым мекемелерінде, білім және ғылымды басқару органдарында жұмыс атқаратын, кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын азаматтардың ерікті ұйымы болып табылатын қоғамдық бірлестік.
Ұйымдастырушылық-құқықтық түрі (нысаны) – қоғамдық бірлестік. 1.2. Облыстық кәсіподақ ұйымы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің (әрі қарай – Кәсіподақ) мүшелік ұйымы болып табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да құқықтық актілері, Кәсіподақ Жарғысы және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады. 1.3. Облыстық кәсіподақ ұйымы сайлау органдары арқылы мемлекеттік билік органдары, жұмыс беруші және олардың ұйымдары, сот органдарында, басқа да органдар, ұйымдар алдында Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберіндегі барлық кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды пайдалануда кәсіподақ мүшесінің құқығын, заңды мүддесін өзінің сайлау органдары арқылы өкіл болып қорғайды. 1.4. Облыстық кәсіподақ ұйымы өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілер және олардың бірлестіктерінен, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, оларға есеп бермейді және бақылауында болмайды, олармен өзара қарым-қатынасын теңқұқылық, әріптестік, өзара әрекет ету негізінде жүзеге асырады. 1.5. Кәсіподақ Жарғысының негізінде Облыстық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырушылық құрылымын, конференциялар мен отырыстарды өткізу мерзімділігін, басқару органдарының құрылуын, Кәсіподақ Жарғысында белгіленген жайттардан басқа жұмыс регламенті мәселелерін өздігінен шешеді. 1.6. Кәсіподақ жұмысының жеке мәселелері мен бағыттары бойынша кәсіптік мүдделерін және әрекеттерін үйлестірудің толық есебі үшін Облыстық кәсіподақ ұйымында қоғамдық комиссиялар құрылуы мүмкін. 1.7. Облыстық кәсіподақ ұйымы заңды тұлға болып табылады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге иеленіп, жүргізе алады, сот органдарында арызданушы және жауапкер бола алады. 1.8. Облыстық кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің және мүшелік ұйымдарының мүлкінен бөлек мүлікке иелік етеді және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілік артпайды. 1.9. Облыстық кәсіподақ ұйымының өз балансы, мөрі, мөртабаны, бланкілері және банктерде есеп-шоттары, жарғылық қызметіне қажетті басқа да атрибуттары болады. 1.10. Облыстық кәсіподақ ұйымы заңды тұлға мәртебесіндегі өз ұйымдарын құруға, қала, облыс аумағында құрылымдық бөлімшелер құқығындағы өз филиалдарын құруға құқылы. Филиалдардың құқықтық мәртебесі, олардың басқарушы органдарының жасақталу тәртібі, қызметтері мен міндеттері Облыстық кәсіподақ ұйымының Конференциясымен бекітілетін филиалдар туралы Ережелермен белгіленеді. 1.11. Облыстық кәсіподақ ұйымы өз қызметінде Кәсіподақ символикасын қолданады. 1.12. Облыстық кәсіподақ ұйымы заңды тұлға құқығына (мәртебесіне) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ие болады. 1.13. Кәсіподақ қызметінің мерзімі шектелмеген. 1.14. Мемлекеттік тілдегі фирмалық атауы: «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы». Орыс тіліндегі фирмалық атауы: «Павлодарская областная организация Казахстанского отраслевого профессионального союза работников образования и науки». 1.15. Облыстық кәсіподақ ұйымының мекен-жайы мен орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 3, №66 кеңсе.    
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, ҚАҒИДАЛАРЫ, НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  2.1. Ұйым қызметінің мәні Павлодар облысында кәсіптік одақ мүшелерінің құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау болып табылады. 2.2. Облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі қағидалары: 2.2.1. ниеттілік (ынтымақтастық), кәсіподақ ұйымы қызметінің өзара қолдауы мен ауызбірлігі; 2.2.2. кәсіподаққа еркін ену және еркін шығу; 2.2.3. барлық кәсіподақ мүшелерінің теңқұқылығы; 2.2.4. барлық коллегиялық кәсіподақ органдарының сайлануы және кәсіподақ мүшелеріне есепті; 2.2.5. Кәсіподақ Жарғысы ережелерінің шешімдерін қабылдаудағы басымдықтар, шешім қабылдағанға дейінгі азшылық адамдар пікірінің ескерілуі және құрмет (сыйлау), барлық мүшелер мен кәсіподақ ұйымы үшін қабылданған шешімдердің міндетті түрде орындалуы; 2.2.6. жарғылық өкілеттілік шеңберіндегі міндеттерді кәсіподақ ұйымдары мен олардың сайланбалы органдары өздігінен шешеді; 2.2.7. барлық кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ ұйымдары жоғары тұрған сайланбалы кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау міндеттілігі; 2.2.8. жоғары тұрған кәсіподақ органы кәсіподақ жиналыстарының, конференцияларының және осы Жарғы, Кәсіподақ Жарғысы мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған төменгі кәсіподақ органдарының шешімдерін тоқтатады немесе жояды; 2.2.9. сайланбалы органдардың шешімімен қабылданған Кәсіподақ Жарғысы мен осы Жарғыны орындауда кәсіподақ ұйымы басшысының жеке жауапкершілігі мен сайланбалы кәсіподақ органдары жұмысының алқалығы; 2.2.10. барлық кәсіподақ ұйымы және сайланбалы органдар жұмыстарының жариялылығы; 2.2.11. өз ұйымының және жоғарғы кәсіподақ органдарының алдында жарғылық қызметі, статистикалық, қаржылық мәселелері жөніндегі кәсіподақ органдары есебінің жиілігі; 2.2.12. барлық кәсіподақ ұйымдарының қаржылық тәртіпті сақтауы. 2.3. Облыстық кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары: 2.3.1. кәсіподақ мүшелерінің өмір және еңбек жағдайын жақсарту; 2.3.2. аймақ территориясында Кәсіподақ міндеттерін жүзеге асыру. 2.4. Облыстық кәсіподақ ұйымының негізгі міндеттері: 2.4.1. кәсіподақ мүшелерінің заңды мүдделерін қорғаудағы кәсіподақ мақсатына қол жеткізу үшін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру және күш-жігерін бірлестіру; 2.4.2. кәсіподақ мүшелерінің кәсіби, еңбек және басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтарын, мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру шараларын жасау; 2.4.3. кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік билік органдарының алдында қорғаудағы өкілеттілігі; 2.4.4. кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету; 2.4.5. салалық ұйымдарда әлеуметтік серіктестікті дамыту. 2.5. Облыстық кәсіподақ ұйымы жарғылық мақсатарға қол жеткізу мен міндеттерін шешу үшін барлық деңгейдегі сайланбалы органдары, уәкілетті өкілдері арқылы: 2.5.1. Ұжымдық келіссөздер жүргізіп, келісімдер, ұжымдық шарттар жасайды, олардың жүзеге асырылуына ықпал етеді; 2.5.2. салалық келісім жасауда әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып табылады, келісімі жобасын әзірлеу, оны жасау жөніндегі келіссөздерге қатысады. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық екіжақты комиссияның жұмысына қатысады; 2.5.3. аймақтың даму бағдарламасын жасауға ұсыныс енгізеді; 2.5.4. кәсіподақ мүшелеріне, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына және аумақтық кәсіподақ ұйымдарына тегін әдістемелік, кеңесшілік, құқықтық, сондай-ақ материалдық және қайырымдылық көмек көрсетеді; 2.5.5. білім және ғылым ұйымдарында еңбек заңдылығының сақталуына, еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жағдайына қоғамдық бақылау жүргізеді. 2.5.6. кәсіподақ мүшелерінің тапсыруымен еңбек құқықтарын қорғау үшін еңбек дауларын қарастырады; 2.5.7. қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұжымдық еңбек тартыстарын реттеуге қатысады, еңбек дауларын алдын алу жұмыстары бойынша жұмыс жүргізеді; 2.5.8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық қызметін жүргізеді.  
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ 3.1. облыстық кәсіподақ ұйымы құқылы: 3.1.1. өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде, жұмыс берушілермен, бірлестіктермен, өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлердің өкілдігі болуға; 3.1.2. өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талаптар беруге, медиация жүргізу кезінде, сотта, аралық сотта, өзге органдарда олардың мүдделерiн жақтап әрекет етуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге; 3.1.3. мемлекеттiк органдарға кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын, олар қабылдаған нормативтік құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшін жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға; 3.1.4. мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерi бойынша сотқа шағымдануға; 3.1.5. еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға; 3.1.6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға; 3.1.7. еңбек заңнамасына сәйкес кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; 3.1.8. келіссөздер жүргізуге, келісімдер және ұжымдық шарттар жасасуға; 3.1.9. ақша қорларын қалыптастыруға; 3.1.10. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастанудың алдын алу бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға; 3.1.11. азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға; 3.1.12. келісімдер мен ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен қорғау ережесін сақтау бойынша кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына өз өкілдерін жіберуге; 3.1.13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар ұйымдастыруға және өткiзуге; 3.1.14. ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар өткiзу жөніндегі ұсыныспен жоғары тұрған кәсіподақ органдарына, сонымен қатар облыстық кәсіподақ ұйымы өткізетін кәсіподақ ұжымының әрекеттерін қолдау туралы қатынасу; 3.1.15. мемлекеттік органдарға кәсіподақтар туралы заңнаманы бұзатын, келісімдерде және ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге; 3.1.16. баспа қызметiмен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында, мекемелерде жария етуге; 3.1.17. меншік иеленуге; 3.1.18. жарғылық мақсаттарға сәйкес келетін өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға; 3.1.19. салалық келісімдер, басқа да келісімдер жасауда тиісті жоғары тұрған кәсіподақ органдарына ұсыныс енгізуге; 3.1.20. мемлекеттік заңнамалық (өкілеттілік) органдарында, орындаушылық және сот биліктерінде кәсіподақ мүшесінің құқығы мен мүддесін қорғау жөнінде тиісті жоғары тұрған кәсіподақ органына ұсыныс хатпен қатынасуға; 3.1.21. қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық, білім алушылардың әлеуметтік құқықтарына қатысты заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілерді даярлауда тиісті жоғары тұрған кәсіподақ органдарына ұсыныс енгізуге қатысуға; 3.1.22. тиісті жоғары тұрған кәсіподақ органдарында қарастырылатын құжаттар жобасына ұсыныс енгізуге, олардың қарастырылуы жөнінде ақпарат алуға; 3.1.23. тиісті жоғары тұрған кәсіподақ органдарына кеңес, көмек және қолдау алуға қатынасуға; 3.1.24. тиісті жоғары тұрған кәсіподақ органдарына өз өкілдерін делегат ретінде жіберуге, кері шақыруға және оларды ауыстыруға; 3.1.25. Кәсіподақ Жарғысы бойынша кәсіподаққа қабылдау және шығаруды жүзеге асыруға; 3.1.26. кәсіподақ кадрларын және белсенділерін оқытуда, тиісті ақпаратты алуда аумақтық кәсіподақ ұйымының және Кәсіподақтың мүмкіндігін пайдалануға; 3.1.27. кәсіподақ саласының айрықша белгілерімен кәсіподақ мүшелерін марапаттауға ұсыныс енгізуге; 3.2. негізгі міндеттері: 3.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, Кәсіподақ Жарғысын, осы Жарғы ережелерін, өз өкілеттілігіне сәйкес қабылданған жоғары тұрған кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтау; 3.2.2. кәсіподақта ұйымдастырушылық нығайту және жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру жұмыстарын жүргізу; 3.2.3. ұжымдық шарт, салалық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау; 3.2.4. Кәсіподақ қызметін қолдау, ынтымақтастық таныту, Кәсіподақтың ұжымдық әрекеттерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу; 3.2.5. Кәсіподақ Жарғысына сәйкес белгіленген тәртібімен, мерзімімен және мөлшерімен мүшелік кәсіподақ жарнасын аудару бойынша шешімді орындауды қамтамасыз ету; 3.2.6. тиісті жоғары тұрған кәсіподақ органдарына кәсіподақ мүшелерінің, кәсіподақ ұйымының сандары, басқа да статистикалық мәліметтер мен есептерді ұсыну; 3.2.7. жоғары тұрған кәсіподақ органдары ұсынған мәселелерді конференциялар, сайланбалы коллегиялық органдарға қарастыруға енгізу; 3.2.8. Кәсіподаққа зақым әрі залал келтіретін әрекеттерді болдырмау; 3.2.9. өкілеттіктер шегінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдану; 3.2.10. Кәсiподақ мүшелерінің заңнамада белгіленген ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, демонстрациялар мен өзге де акциялар ұйымдастыру және өткiзу тәртібін сақтауын қамтамасыз ету; 3.2.11. Кәсiподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту және пәтуаға қол жеткізу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу; 3.2.12. қызметкерлердің ішкі және еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесу; 3.2.13. осы Жарғыда және Кәсіподақ Жарғысында айқындалған шарттарда және тәртіппен белгіленген кәсіподақ мүшелеріне қаржының түсуі, жұмсалуы туралы ақпарат беруге міндетті.  
  1. КӘСІПОДАҚТАҒЫ МҮШЕЛІК, МҮШЕЛІККЕ ИЕ БОЛУ ЖӘНЕ
ОНЫ ЖОҒАЛТУ, КӘСІПОДАҚТАН ШЫҒУ ТӘРТІБІ МЕН РЕТІ 4.1. Кәсіподақтағы мүшелік, мүшелікке ие болу және оны жоғалту, кәсіподақтан шығу тәртібі мен реті Кәсіподақ Жарғысымен анықталады; 4.2. Білім және ғылым мекемелерінде жұмыс істейтін және білім алатын, Кәсіподақ Жарғысын мойындайтын және кәсіподақтың мүшелік жарнасын төлейтін әрбір азамат Кәсіподақ мүшесі бола алады: 4.2.1. білім және ғылым мекемелерінде еңбек шарты бойынша еңбек міндеттерін жүзеге асыратын қызметкерлер; 4.2.2. кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіби білім беру ұйымдарында білім алушылар; 4.2.3. бұрын соңды Кәсіподақта мүшелікте болған білім және ғылым жүйесінің бұрынғы қызметкерлері – жұмыс істемейтін зейнеткерлер, зейнетке шыққандар; 4.2.4. еңбек қызметін уақытша тоқтатқан қызметкерлер, еңбек қатынастарын сақтау мерзіміне; 4.2.5. штат немесе қызметкерлер санының қысқаруымен, мекеменің жойылуына байланысты жұмыссыз қалған қызметкерлер, жұмысқа орналасу кезеңіне, бірақ 6 айдан артық емес мерзімге. 4.3. Кәсіподақ мүшесіне қабылдау бастауыш кәсіподақ ұйымына, ал білім және ғылым жүйесінің ұйымында бастауыш кәсіподақ ұйымы болмаған жағдайда – Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымына жазбаша түрде берілген жеке өтініш бойынша жүргізіледі. 4.4. Кәсіподаққа қабылдау және Кәсіподақтағы мүшеліктің тоқтатылуы тиісті сайланбалы алқалы кәсіподақ органының шешімімен рәсімделеді. 4.5. Кәсіподақ мүшелігі, кәсіподақтық өтіл Кәсіподаққа мүшелікке қабылдау туралы өтініш берілген күннен бастап есептеледі. 4.6. Кәсіподаққа қабылданған қызметкерге немесе білім алушыға сайланбалы кәсіподақ органымен Кәсіподақтағы бірыңғай үлгідегі мүшелік билет беріліп, ол Кәсіподақтағы мүшелікті куәландырады және Кәсіподақ мүшесінде сақталады. 4.7. Кәсіподақ мүшесі, ереже бойынша, негізгі жұмыс, оқу орны бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымында есепте тұрады. Өзге бастауыш кәсіподақ ұйымына есепке алу туралы шешімді Кәсіподақтың тиісті ұйымының сайланбалы алқалы органы қабылдайды. 4.8. Кәсіподақ билетінде өкілетті кәсіподақ органдарының белгіленген тәртібімен, кәсіподақтық мүшелік жарнаның төленуі туралы белгі қойылуы мүмкін. 4.9. Кәсіподақ мүшелерінің есебі сайланбалы кәсіподақ органдарымен қабылданған, Кәсіподақ мүшелерінің есебі туралы ұсыныстарға сәйкес қағаз немесе электронды түрдегі журнал нысанында бастауыш кәсіподақ ұйымында жүргізіледі. 4.10. Кәсіподақ мүшелері санының жалпы есебі Кәсіподақ пен Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының сайланбалы органымен жүргізіледі. 4.11. Кәсіподақтағы мүшеліктің тоқтатылуы келесі жағдайларда: 4.11.1. кәсіподақтан ерікті түрде шыққанда; 4.11.2. білім және ғылым жүйесінің ұйымымен еңбек қатынастары тоқтатылғанда, білімгерлер білім беру ұйымын аяқтағанда (шығарылғанда); 4.11.3. зейнетке шығуына байланысты еңбек қатынастары тоқтатылғанда, егер зейнеткер бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақтық есепте қалу туралы ерік білдірмесе; 4.11.4. кәсіподақтан шығарылғанда; 4.11.5. кәсіподақ мүшесінің қазасына байланысты жүргізіледі. 4.12. Кәсіподақтан шығу бастауыш кәсіподақ ұйымына берілген жеке өтініш негізінде жүргізіледі. Кәсіподақтағы мүшелік Кәсіподақтан шығу туралы өтініш берілген күннен бастап тоқтатылады. 4.13. Кәсіподақтағы мүшелікті тоқтатқан немесе кәсіподақтан шығарылған тұлға кәсіподақтық қорғау, ортақ кәсіподақтық меншік пен кәсіподақтық жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айырылады. Кәсіподаққа төленген мүшелік жарналар кері қайтарылмайды, кәсіподақ билеті бастауыш кәсіподақ ұйымына тапсырылады. 4.14. Кәсіподақ мүшелігінен шығарылған тұлға Кәсіподаққа, жалпы негізде, қайта қабылдана алады, бірақ бір жыл мерзімнен бұрын емес. Кәсіподақтық өтілі бұл жағдайда Кәсіподаққа қайта қабылданған мерзімнен бастап есептеледі. 4.15. Кәсіподақ мүшелігінен шыққан тұлға Кәсіподаққа, жалпы негізде, қайта қабылдана алады. Кәсіподақтық өтілі бұл жағдайда Кәсіподаққа қайта қабылданған мерзімнен бастап есептеледі. 4.16. Кәсіподақ мүшесіне Жарғылық міндеттерді орындамағаны, оның ішінде үш айдан артық емес мерзім мүшелік жарнаны дәлелді себепсіз төлемегені немесе Кәсіподаққа нұқсан келтіретін әрекеттері үшін келесі жазалау шаралары қолданылуы мүмкін: ұялту, сөгіс, кәсіподақтан шығару туралы ескерту, кәсіподақтан шығару. 4.17. Жарғы ережелерін сақтамаған, үш айдан артық уақыт мүшелік жарнаны дәлелді себепсіз төлемеген кәсіподақ мүшесі кәсіподақтан шығарылады. 4.18. Кәсіподақ мүшесіне жаза белгілеу туралы сұрақ бастауыш кәсіподақ ұйымымен, сайланбалы алқалы кәсіподақ органдарымен, Кәсіподақтың жоғары тұрған ұйымының сайланбалы алқалы кәсіподақ органымен шешіледі. 4.19. Кәсіподақ мүшесіне жаза белгілеу туралы шешім оның қатысуымен қабылданады. Егер Кәсіподақ мүшесі өзінің жауапкершілігі туралы сұрақты қарауға қатысуға дәлелді себепсіз бас тартса, жауапкершілік туралы сұрақ оның қатысуынсыз қаралуы мүмкін. 4.20. Кәсіподақ мүшесіне жаза белгілеу туралы сұрақ, егер ол шешім үшін жиналысқа немесе сайланбалы алқалы кәсіподақ органының отырысына, кворум болған жағдайда, қатысушылардың кемінде екіден үші дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.  
  1. КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  5.1. Кәсіподақ мүшесі: 5.1.1. кәсіподақ тарапынан өзінің әлеуметтік-еңбек, кәсіби құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына; 5.1.2. Кәсіподақ және оның ұйымдарымен жасалған ұжымдық шарттар мен келісімдердің нәтижесінде қызметкерлер үшін көзделген жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға; 5.1.3. кәсіподақ ұйымдарының қызметіне атсалысуға; 5.1.4. кәсіподақ органдарының қызметі туралы ақпарат алуға, шешімдерді әзірлеу, талқылау және қабылдауға қатысуға; 5.1.5. Сайланбалы кәсіподақ органдарына, кәсіподақ жиналыстары мен съездеріне делегат сайлауға және сайлануға; 5.1.6. Өз мүдделеріне қатысты сұрақтар талқыланатын сайланбалы кәсіподақ органының отырыстарына қатысуға; 5.1.7. Кәсіподақ қызметіне қатысты сұрақтар бойынша тегін кеңестер мен құқықтық көмек алуға; 5.1.8. Жеке өтініші негізінде кәсіподақтан ерікті түрде шығуға құқылы. 5.2. Кәсіподақ қызметіне белсенді араласқаны және атсалысқаны үшін Кәсіподақ мүшелері келесі ынталандыру (көтермелеу) түрлеріне ие бола алады:

5.2.1. алғыс жариялау;

5.2.2. сыйақы беру; 5.2.3. құнды сыйлық беру; 5.2.4. ерекше белгілермен және құрмет грамоталарымен марапаттау; 5.2.5. шипажайларға жеңілдікпен жолдамалар беру. 5.3. Кәсіподақ мүшелері белгіленген тәртіппен Құрмет грамоталарымен, кәсіподақ бірлестіктерінің (кауымдастықтары) ерекше белгілерімен және мемлекеттік наградалармен, құрметті атақтармен марапатталуға ұсыныла алады. 5.4. Кәсіподақ мүшесі: 5.4.1. Кәсіподақ Жарғысын және осы Жарғыны, кәсіподақ ұйымдарының шешімдерін орындауға; 5.4.2. Кәсіподақтың негізгі жұмыс, оқу орны бойынша бастауыш ұйымында есепте тұруға; 5.4.3. Мезгілінде, белгіленген мөлшерде мүшелік жарналарды төлеп тұруға; 5.4.4. Ұжымдық шарттармен, келісімдермен көзделген міндеттемелерді орындауға; 5.4.5. Кәсіподақтың беделі мен мәртебесінің артуына ықпал етуге, Кәсіподаққа нұқсан келтіретін және осы Жарғыға қайшы келетін әрекеттерге жол бермеуге міндетті. 5.5. Кәсіподақ мүшесі бір мезгілде өзге кәсіподақтарда мүшелікте бола алмайды.  
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ 6.1. Облыстық кәсіподақ ұйымының құрамына: Облыстың қалалары мен аудандарындағы білім беру қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіретін филиалдар; С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қызметкерлерінің, студенттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі қызметкерлерінің және білім алушыларының бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіретін филиалдары; облыстық кәсіподақ ұйымының ішкі құрылымы болып табылатын колледждердің, облыстық білім беру ұйымдары мен мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары. 6.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдар тиісті сайланбалы органдар сайлайтын аумақтық аудандық (қалалық) ұйымдарға біріктіріледі; 6.3. Бастауыш және аумақтық кәсіподақ ұйымдары, олардың сайланбалы кәсіподақ органдары осы Жарғы және Кәсіподақ Жарғысы, бастауыш ұйымның Ережесі, филиалдар туралы Ереже негізінде қызмет етеді. 6.4. Облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымына енетін бастауыш кәсіподақ ұйымдары әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпейді. 6.5. Облыстық көлемдегі бағынышты аудандық, қалалық аумақтық кәсіподақ ұйымдары облыстық кәсіподақ ұйымының заңды тұлға филиалы мәртебесі ретінде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіподақ ұйымының заңды тұлға филиалында жоғары және жоғарыдан кейінгі бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылуы мүмкін.  
  1. БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ
  7.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылу тәртібі, құқықтары мен міндеттері, мүліктік қатынастары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің бастауыш ұйым туралы Ережесімен, Кәсіподақтың салалық кеңесімен бекітіледі. 7.2. Тиісті жағдайда сайланбалы коллегиялық органның шешімімен білім және ғылым жүйесінің ұйымдарында қызмет ететін тиісті аумақтық кәсіподақ ұйымының мүшелері бастауыш кәсіподақ ұйымының бойына шоғырлануы мүмкін.  
  1. АУДАНДЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАРЫ
8.1. Кәсіподақтың аудандық, қалалық филиалдарын құру. 8.1.1. Аумақтық (аудандық, қалалық) Кәсіподақ ұйымдары облыстық кәсіподақ ұйымы конференциясының шешімімен филиал құқықтық мәртебесінде құрылады және облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі. 8.1.2. Аудандық, қалалық құқықтық мәртебедегі құрылған филиалдарының ұйымы міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Филиалдардың Ережесі Салалық кәсіподақ кеңесінің бекіткен үлгілік Ережесінің негізіндегі Облыстық кәсіподақ ұйымының конференциясында бекітіледі.  
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРУ
ОРГАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ   9.1. Облыстық кәсіподақ ұйымының басшы органы Конференция болып табылады. 9.2. Конференция: 9.2.1. Облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің бағыттарын айқындайды, Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек, кәсіби құқықтары мен мүдделерін қорғауды қарастырады; 9.2.2. Облыстық кәсіподақ ұйымының және Кәсіподақтың Бақылау-Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептерін тыңдайды; 9.2.3. Облыстық кәсіподақ ұйымының Жарғысын бекітеді, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; 9.2.4. филиалдардың ашылуына шешім қабылдайды, олардың Ережелерін бекітеді. 9.3. Конференция: 9.3.1. төрағаны (төрайымды), Кеңес мүшелерін (олардың құзыреттілігін бекітеді); 9.3.2. бақылау-тексеру комиссиясын; 9.3.3. кәсіподақ съезіне делегаттарды сайлайды. 9.4. Облыстық кәсіподақ ұйымының және аудандық, қалалық филиалдарының конференциялары Кеңес шешімімен немесе облыстық кәсіподақ ұйымының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымының 2/3 бөлігінің дауыс беруімен шақырылады, Конференцияның өткізілуі Облыстық кәсіподақ ұйымының Кеңесінде бір ай бұрын шешіммен қабылданып, хабарландырылады. Конференция шешімі дауыс берушілердің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, кей жағдайда Кәсіподақ Жарғысында белгіленген конференция делегаттарының 2/3 көпшілігінің дауыс бергенде ғана қабылданады. Дауыс берудің регламенті мен түрі (ашық, жасырын) конференциямен анықталады. 9.5. Конференция бес жылда бір рет өтеді. 9.6. Конференция делегаттары Кеңес тәртібімен анықталады. 9.7. Конференциялар аралығындағы өкілетті басқару органы ретінде Кеңес болып табылады. 9.8. Кеңес өз отырысын қажетті жағдайда жылына бір рет өткізеді. 9.9. Кеңес: 9.10.1. Кәсіподақ съезінің, конференциясының, пленумының, Кәсіподақ Жарғысының, осы Жарғының басқару кәсіподақ органдарының қаулылар шешімдерін орындауды ұйымдастырады; 9.10.2. мемлекеттік билік органдарында Кәсіподақ Жарғысының және осы Жарғының белгілеген мақсаттарына сәйкес кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауда өкілеттілік етеді; 9.10.3. аймақтың өкілеттілік, орындаушылық билік органдарына білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіби, еңбек және басқа да азматтық әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделері мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді; 9.10.4. қызметкерлердің, яғни кәсіподақ мүшелерінің ұжымдық қызметінің құқықтық және заңды мүдделерін қорғауды үйлестіреді; 9.10.5. еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу; 9.10.6. аумақтық (аудандық, қалалық) және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсетеді, олардың жұмыс тәжірибесін жалпылайды және таратады. 9.10.7. облыстық (қалалық, аудандық) құрылымдық ұйымдарға келіп түсетін мүшелік жарналардың мөлшері туралы, шешім қабылдайды, Кеңестің кіріс және шығын сметасын бекітеді; 9.10.8. өз ұйымдарын құру және олардың қызметі туралы есебін тыңдауға шешім қабылдайды; 9.10.9. облыстық, қалалық, аудандық кәсіподақ ұйымдарының Конференциясын шақырады, 9.10.10. төменгі тұрған кәсіподақ органының қабылдайтын шешімдері және әлеуметтік серіктестік жөніндегі келісімдер шарттарының орындалуына мониторинг жасайды; 9.10.11. атқару комитетінің жұмысы жөнінде ақпаратты тыңдайды; 9.10.12. төрағаның (төрайымның) ұсынысы бойынша төраға (төрайым) орынбасарын сайлайды; 9.10.13. салалық кәсіподақ кеңесінің құрамына өкілдерді сайлайды; 9.11.14. облыстық кәсіподақ ұйымының қызметін ұйымдастыру үшін Кеңестер аралығындағы коллегиялық атқару орган – атқару комитеті болып саналады. 9.12. Атқару комитеті: 9.12.1. келісімдер жасау мақсатында жұмыс берушілермен ұжымдық келіссөздер өткізу туралы шешім қабылдайды, келіссөздерде кәсіподақтың негізгі талаптарын айқындайды; 9.12.2. кәсіподақ Жарғысының, Съезд, конференциялар шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, Облыстық кәсіподақ ұйымының бастауыш, қалалық және аудандық филиалдарының қызметтерін үйлестіреді; 9.12.3. шаруашылық және қаржылық қызметін, мүлік пен қаржылық қорды бекітілген сметаға сәйкес жүргізеді; 9.12.4. Кеңестің өткізілуі күні мен күн тәртібін айқындайды; 9.12.5. кәсіподақ мүшелерінің оқуын ұйымдастырады; 9.12.6. аппараттың және филиалдардың құрылымы мен штатын анықтайды, штаттық кестесін бекітеді; 9.13. Атқару комитетінің шешімі атқару комитетінің құрамының жартысынан көбі қатысқанда олардың дауыс беруімен ғана қабылданды деп есептеледі; 9.14. Атқару комитетінің кезекті отырысының өткізілу күні мен күн тәртібі туралы шешімді атқару комитеті мүшелерінің ұсынысымен төраға (төрайым) қабылдайды. 9.14. Төраға (төрайым): 9.14.1. Облыстық кәсіподақ ұйымын мемлекеттік және басқа да құрылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында өкілеттік етеді, тиісті жағдайда Облыстық кәсіподақ ұйымының атынан өтініш, үндеулер және ұсынысхаттар жолдайды; 9.14.2. Кеңестің немесе атқару комитетінің тапсырмасымен кәсіподақ бірлестіктерімен, атқарушы билік органдарымен және басқа да ұйымдармен келісімдер жасайды; 9.14.3. Конференция, Кеңес немес Атқару комитетінің ұсынған құзыреттілігі шегінде өз қызметін жүргізеді; 9.14.4. Кәсіподақтың аумақтың ұйымдарының аппаратын құрады, оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес аппарат және филиалдардың қызметкерлерімен еңбек келісімшарттарын жасайды және бұзады; 9.14.5. өкімдер шығарады; 9.14.6. Облыстық кәсіподақ ұйымының атынан сенімхаттар береді; 9.14.7. Кеңестің датынан басқа да қызметтерін орындайды; 9.14.8. Облыстық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетімен белгіленген құзырет шегінде Кәсіподақтың мүлкіне және қаржы-қаражатына шығын және кіріс сметасына сәйкес иелік етеді. 9.14.9. төраға (төрайым) орынбасарын айқындайды, онымен құзыретті мерзімге дейінгі еңбек келісімшартын жасайды, басқа құзыреттер артады; 9.14.10. аппарат және филиалдар қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді; 9.14.11. «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қалалық, аудандық филиалдарының төрағаларын сайлау жөнінде Кәсіподақ төрағасына келісім бойынша ұсыныс енгізеді; 9.15. Төраға, Төраға орынбасарлары лауазымдары бойынша Кәсіподақ Кеңесінің, Атқару комитетінің құрамына кіреді, төраға Кеңес пен атқару комитетінің отырыстарын жүргізуге басшылық етеді. 9.16.1. Төраға болмаған жағдайда оның құзыретін төраға орынбасары атқарады. 9.16.2. Төраға және оның орынбасары лауазымдары бойынша Конференцияның делегаттары болып есептеледі.  
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ МЕН ӨЗГЕ ДЕ МҮЛКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ, МҮЛІКТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
10.1. Облыстық кәсіподақ ұйымы қаржылық дербестікке ие, өзінің жеке мүлкі, банкілерде есеп-шоты, мөрі, мөртаңбасы және реквизиттері бар. 10.2. Кәсіподақ шаруашылық және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы: өндірістер құру, иелігіндегі мүлікті жалға беру, артық қаржылық қорды банкілердегі есеп-шоттарға салу, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жарғылық мақсаттарға сәйкес басқа да қызметпен айналысуға құқылы. 10.3. Кәсіпкерліктен және өзге қызметтен түскен қаржы мен кірістер Кәсіподақ Жарғысымен, осы Жарғымен белгіленген мақсаттарға бағытталады және Кәсіподақ мүшелерінің арасында қайта бөлуге жатпайды. 10.4. Облыстық кәсіподақ ұйымының мүлігі: - кәсіподақ жарналарынан; - ерікті қайырымдылық салымдары, қайырымдылық жарналарынан; - Кәсіподақтың Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшы келмейтін жолдармен иеленген өзге де мүліктерінен құралады. 10.5. Облыстық кәсіподақ ұйымының меншігінде ғимараттар, құрал-жабдықтар, жер телімдері, тұрғын үй қоры, көлік және жарғылық қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де мүліктер болуы мүмкін.  
  1. КӘСІПОДАҚТЫҚ МҮШЕЛІК ЖАРНАНЫ ТӨЛЕУ МЕН ОНЫ ҮЛЕСТІРУ ТӘРТІБІ. КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН ҚАРЖЫНЫҢ ТҮСУІ МЕН ЖҰМСАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ ТӘРТІБІ
11.1. Кәсіподақ мүшесінің ай сайынғы ең төменгі мүшелік жарна мөлшері қызметкерге бір айға есептелген барлық түрдегі еңбек ақысының 1 пайызы, білімгерлерге тағайындалған шәкіртақының 1 пайызы, жұмыс істемейтін зейнеткердің зейнетақсының 0.5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 11.2. Кәсіподақ құрылымында кәсіподақтық мүшелік жарналарды, ұжымдық шарттарға, келісімдерге сәйкес, қолма-қол емес нысанда (аударым арқылы) төлеу жүргізіледі. Мүшелік жарналарды қолма-қол төлеу тек жарнаны дәлелді себептерге байланысты аудару мүмкін болмаған жағдайда ғана пайдаланылады. 11.3. Кәсіподақтың бастауыш ұйымында жиналған кәсіподақтық мүшелік жарналар, толық көлемде Кәсіподақ ұйымының банкте ағымдағы және есепшоттары бар жоғары тұрған ұйымының (аудандық, қалалық комитеттер) есепшотына аударылады. Мүшелік жарналардың мөлшері туралы шешім Облыстық кәсіподақ ұйымының Кеңесінде қабылданады. Салалық кәсіподақ кеңесіне аударылатын мүшелік жарналардың мөлшері мен көлемі Кәсіподақ съезінде орнатылып, оның Жарғысында бекітіледі. 11.4. Аудандық, қалалық филиалдарының кәсіподақ ұйымдары Облыстық кәсіподақ ұйымының есепшотына мүшелік жарнаның жалпы түсімнің 28% аударады, Облыстық кәсіподақ ұйымы оның 6% «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне аударады. 11.5. Облыстық кәсіподақ ұйымы құрылымдық бөлімшелерінің төрағаларына кәсіподақтық мүшелік аударымдарды толық жүргізуге және міндетті аударуға жеке жауапкершілік артылады.
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ ОРГАНДАРЫ
12.1. Кәсіподақта біртұтас бақылау-тексеру қызметі жұмыс атқарады. Кәсіподақтағы Бақылау-тексеру органдарына: Кәсіподақтың Бақылау-Тексеру Комиссиясы; Кәсіподақтың аумақтық ұйымының бақылау-тексеру комиссиясы; бастауыш кәсіподақ ұйымының бақылау-тексеру комиссиясы жатады. 12.2. Кәсіподақтың Бақылау-Тексеру Комиссиясы Облыстық кәсіподақ ұйымының Кеңесіне тұрақты жұмыс жасайтын сайланбалы алқалы органымен бір мезгілде Конференцияда сайланатын дербес органы болып табылады. 12.3. Өз қызметінде бақылау-тексеру органдары конференцияға есеп береді, Кәсіподақ Жарғысын, осы Жарғыны және Кәсіподақтың Бақылау-тексеру органдары туралы Ережені басшылыққа алады. 12.4. Бақылау-тексеру комиссиялары Облыстық кәсіподақ ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне, сайланбалы кәсіподақ органдарының, олардың құрылтайшылық еткен ұйымдарының қызметіне; кәсіподақтық мүшелік жарналардың есептелуі мен түсуіне; кәсіподақ бюджетінің орындалуына; қаржы-қаражаттың дұрыс жұмсалуына, мүліктің мақсатты пайдаланылуына; тиісті сайланбалы кәсіподақ органдарының ұйымдық-қаржылық тәртіп талаптарын сақтауына бақылау жүргізу үшін құрылады. 12.5. Бақылау-тексеру комиссиясы тиісті сайланбалы алқалы кәсіподақ органының жұмысын бір жыл да кемінде бір рет тексеріп отырады. Қажетті жағдайда Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Облыстық ұйым құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелерді тексеруге өкім шығара алады. 12.6. Бақылау-тексеру комиссиясы мен Облыстық кәсіподақ ұйымы арасында даулар Конференцияда шешіледі. 12.7. Бақылау-тексеру комиссияларының қызметін қаржылай қамтамасыз ету, Кеңестің бекітілген сметасына сәйкес жүргізіледі. 12.8. Бақылау-тексеру комиссиясы өз құрамының ішінен төраға және оның орынбасарын сайлайды. 12.9. Бақылау-тексеру комиссияның төрағасы Кеңес отырыстарында кеңесші дауысын бере алады.  
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
13.1. Осы Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге: - кәсіподақ мүшелері; - бастауыш кәсіподақ ұйымдары; - кәсіподақтың сайланбалы органдары құқылы. 13.2. Осы Жарғы тек қана Конференцияда ғана өзгертілуі мүмкін, олар кәсіподақ ұйымдарына талқылауға Конференцияның өтуінен 2 ай бұрын жіберілуі және күн тәртібіне енуі тиіс. 13.3. Облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі қағидаларына қатысты Жарғыға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерінің 1/3 құрамымен алдын-ала талқылауға және оларға жазбаша талаптың жіберілуінен бастап 4 айдан кейін Коференцияда енгізіледі. 13.4. Жарғыға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер Конференциядағы делегаттар құрамының 2/3 көпшілігінің даусымен шешім қабылданады. 13.5. Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар заңнамалық түрде бектіледі. 13.6. Облыстық кәсіподақ ұйымының Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат Салалық кәсіподақ кеңесіне өткізілуден 15 күн бұрын хабарланады. 13.7. Енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар Кәсіподақ Жарғысына қайшы келмеуі керек.  
  1. ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ, КӘСІПОДАҚ ТАРАТЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА МҮЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ
14.1. Облыстық кәсіподақ ұйымының қызметі Конференция шешімімен немесе заң жүзінде бекітілген соттың шешімімен тоқталыуы мүмкін. 14.2. Облыстық кәсіподақ ұйымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта құрылуы мүмкін. 14.3. Облыстық кәсіподақ ұйымын қайта құру немесе тарату туралы шешім Конференцияда қабылданған делегаттар құрамының 2/3 құрамы кворумының дауыс беруімен қабылданады. 14.2. Облыстық кәсіподақ ұйымы таратылған жағдайда кредиторлардың талабын қанағаттандырғандықтан соң меншіктік құқық иеленуші тарапына ауысады, ал егер құқық иеленушілік болмаған жағдайда Кәсіподаққа, немесе осы Жарғыда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге пайдаланылады.